Об определении размеров и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Жамбылской области

Решение маслихата Жамбылской области от 30 июля 2026 года № 35-3

      В соответствии с пунктом 2-9 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 2 статьи 14-1 Закона Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях", приказом Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 30 мая 2025 года № 187 "Об утверждении правил реализации мер государственной поддержки, направленных на улучшение жилищных условий" Жамбылский областной маслихат РЕШИЛ:

      1. Определить размер и перечень категорий получателей жилищных сертификатов по Жамбылской области согласно приложению к настоящему решению.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель областного маслихата А. Нуралиев

  Приложение к решению
  Жамбылского областного маслихата
  от "30" июля 2026 года №35-3

Об определении размеров и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Жамбылской области

      1. Размер жилищных сертификатов.

      Для реализации права приобретения гражданами жилья в собственность с использованием ипотечного жилищного займа в рамках ипотечной программы, утвержденной Национальным Банком Республики Казахстан, и (или) государственной программы жилищного строительства, утвержденной Правительством Республики Казахстан, определить размер жилищных сертификатов в 1 500 000 (один миллион пятьсот тысяч).

      2. Перечень категорий получателей жилищных сертификатов по Жамбылской области.

      1) лицам с инвалидностью 1 и 2 группы;

      2) Семьи, имеющие или воспитывающие детей с инвалидностью;

      3) Детям-сиротам и детям, оставшиеся без попечения родителей, не достигшие двадцати девяти лет, потерявшие родителей до совершеннолетия. При призыве таких лиц на воинскую службу возраст продлевается на срок прохождения срочной воинской службы.

      4) Многодетные матери, награжденные подвесками "Алтын алқа", "Күміс алқа" или получившие ранее звание "Мать-героиня", а также награжденные орденами "Материнская слава" I и II степени, многодетные семьи;

      5) Неполные семьи;

      6) Вдовы (вдовцы), имеющие на иждивении несовершеннолетних детей и детей, обучающихся по очной форме обучения в организациях среднего, технического и профессионального, послесреднего, высшего и послевузовского образования, после достижения ими совершеннолетия до времени окончания организаций образования (но не более чем до достижения двадцатитрехлетнего возраста);

      7) Востребованные специалисты в отрасли здравоохранения, образования, культуры, спорта, сотрудники правоохранительных органов, сотрудники социального обеспечения, государственные служащие с учетом прогноза трудовых ресурсов, формируемых согласно Правил формирования национальной системы прогнозирования трудовых ресурсов и использования ее результатов, утвержденных приказом Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 20 мая 2023 года № 161 (Зарегистрировано в Государственном реестре нормативных правовых актов № 32546), соответствующие требованиям ипотечной программы и (или) государственной программы жилищного строительства, утвержденной Правительством Республики Казахстан.

      3. Жилищный сертификат предоставляется в случае:

      1) отсутствия доходов у услугополучателя и (или) постоянно совместно проживающих с ним членов его семьи (супруг (а), несовершеннолетних детей);

      2) наличия доходов у услугополучателя и (или) постоянно совместно проживающих с ним членов его семьи (супруг (а), несовершеннолетних детей) среднего дохода от трудовой и (или) предпринимательской деятельности (без учета пенсионных отчислений, индивидуального подоходного налога и иных обязательных отчислений) за последние 6 (шесть) месяцев, не превышающего на каждого члена семьи (супруг(а), несовершеннолетних детей, в том числе детей, обучающихся по очной форме обучения в организациях основного среднего, общего среднего образования, образовательные программы технического и профессионального, послесреднего, высшего и послевузовского образования, после достижения ими совершеннолетия до времени окончания организаций образования (но не более чем до достижения двадцатитрехлетнего возраста) 3,1 - кратного показателя прожиточного минимума в месяц, установленного законодательством на текущий финансовый год.

Жамбыл облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санатының тізбесін айқындау туралы

Жамбыл облысы мәслихатының 2026 жылғы 30 шілдедегі № 35-3 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 2-9 тармағына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 14-1 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 187 "Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Жамбыл облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санатының тізбесі айқындалсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихаттың төрағасы А. Нұралиев

  Жамбыл облыстық мәслихатының
  2026 жылғы "30" шілдедегі
  №35-3 шешіміне қосымша

Жамбыл облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санатының тізбесін айқындау туралы

      1. Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде ипотекалық тұрғын үй қарыздарын пайдалана отырып, азаматтардың тұрғын үйді меншігіне алу құқығын іске асыру үшін 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңге.

      2. Жамбыл облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі.

      1) 1 және 2 топтағы мүгедектігі бар адамдарға;

      2) Мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

      3) Кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады.

      4) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға, көпбалалы отбасыларға жататын Қазақстан Республикасы азаматтарына;

      5) Толық емес отбасыларға;

      6) Асырауында кәмелетке толмаған балалары және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын жиырма үш жасқа толмаған балалары бар (оның ішінде балалар кәмелетке толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін) жесір әйелдер (тұл ер адамдар);

      7) Ипотекалық бағдарламасының және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мемлекеттік тұрғын үй құрылысының бағдарламасының талаптарына сәйкес келетін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 мамырдағы № 161 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32546 болып тіркелген) Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларына сәйкес қалыптастырылатын еңбек ресурстарының болжамын ескере отырып, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт саласындағы қажетті мамандар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, әлеуметтік қамсыздандыру қызметкерлері.

      3. Тұрғын үй сертификаты:

      1) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) онымен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелерінің (жұбайының, кәмелетке толмаған балаларының) табысы болмаған жағдайда;

      2) көрсетілетін қызметті алушыда және (немесе) онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінде (жұбайы (зайыбы), кәмелетке толмаған балалары) отбасының әрбір мүшесіне (зайыбына (жұбайына), кәмелетке толмаған балалардан, оның ішінде негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын балалардан аспайтын еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен (зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығын және өзге де міндетті аударымдарды есепке алмағанда), техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары, олар кәмелетке толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) ағымдағы қаржы жылына заңнамада белгіленген айына ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 көрсеткішінен аспайтын соңғы 6 (алты) ай ішінде еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен (зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығын және өзге де міндетті аударымдарды қоспағанда) орташа табысы болған жағдайда беріледі.