О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра просвещения Республики Казахстан от 21 июля 2023 года № 224 "Об утверждении Типовых штатов работников государственных организаций образования"

Приказ и.о. Министра просвещения Республики Казахстан от 1 сентября 2026 года № 239-НҚ

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ исполняющего обязанности Министра просвещения Республики Казахстан от 21 июля 2023 года № 224 "Об утверждении Типовых штатов работников государственных организаций образования" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 33166) следующие изменения:

      в Типовых штатах работников государственных организаций образования, утвержденных указанным приказом:

      в главе 6 "Типовые штаты работников организаций дополнительного образования":

      в пункте 1:

      раздел: "Станции юных натуралистов (детские экологические центры, биологические центры, экобиоцентры), станции юных техников (центры, школы технического творчества детей и юношества)" изложить в следующей редакции:

      "Станции юных натуралистов (детские экологические центры, биологические центры, экобиоцентры), станции юных техников (центры, школы технического творчества детей и юношества), станции юных туристов (центры детско-юношеского туризма)

Наименование должностей

Количество штатных единиц

Директор

1

Заместитель директора по методической работе

1

Заведующий складом (хозяйством)

1

Заведующие отделами (при наличии 10 кружков одного профиля - одна штатная единица)

Бухгалтер

1

Секретарь (делопроизводитель)

1

Рабочий по комплексному обслуживанию и ремонту зданий (на каждое здание)

1

Сторож

3

Вахтер на каждое здание

1

      Примечания:

      1. Станции юных натуралистов (детские экологические центры, биологические центры, экобиоцентры), станции юных техников (центры, школы технического творчества детей и юношества), станции юных туристов (центры детско-юношеского туризма) (далее – Организации) могут привлекать педагогов дополнительного образования, педагогов-организаторов, методистов, фонд заработной платы которых утверждается администраторами программ в пределах утвержденных бюджетных средств.

      2. При проведении категорийных и некатегорийных туристических путешествий устанавливаются штатные единицы должностей руководителя и заместителя руководителя группы (при одно, двух, трехдневных походах помощника руководителя группы) на группу из 15 человек, а при проведении путешествий по технически сложным видам туризма (велосипедный, водный, горный, лыжный и другие) - на группу из 12 человек.

      3. При проведении экскурсионных поездок, когда участники принимаются на экскурсионных туристских базах, штатные единицы должности руководителя и заместителя руководителя группы устанавливаются на группу из 15-25 человек.

      4. В станциях юных туристов (центры детско-юношеского туризма) (далее – Станции юных туристов) устанавливается по одной штатной единицы должности воспитателя и вожатого (для старшеклассников - по две штатной единицы должности воспитателя) на группу из 35-40 детей.

      5. В станциях юных туристов устанавливаются штатные единицы должности инструкторов-методистов по туризму из расчета одной штатной единицы на каждые 45 человек и должности воспитателей из расчета одной штатной единицы на группу из 15-20 человек.

      6. При наличии в Организациях насосной станции вводится штатная единица должности техника по обслуживанию насосной техники.

      7. При наличии в Организациях одной или нескольких мастерских вводится штатная единица должности мастера.";

      раздел "Станции юных туристов (центры детско-юношеского туризма)" исключить.

      2. Департаменту воспитательной работы и дополнительного образования Министерства просвещения Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) в течение пяти рабочих дней со дня подписания настоящего приказа направление в электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан, а также с уведомлением органов юстиции;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства просвещения Республики Казахстан после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра просвещения Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Исполняющий обязанности
министра просвещения
Республики Казахстан
Ш. Акпарова

      "СОГЛАСОВАН"
      Министерство здравоохранения
      Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
      Министерство туризма и спорта
      Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
      Министерство финансов
      Республики Казахстан

"Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 21 шілдедегі № 224 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2026 жылғы 1 қыркүйектегі № 239-НҚ бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 21 шілдедегі № 224 бұйрығына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33166 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарында:

      "Қосымша білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары" деген 6-тарауда:

      1-тармақта:

      "Жас натуралистер станциялары (балалар экологиялық орталықтары, биологиялық орталықтар, экобиоорталықтар), жас техниктер станциялары (орталықтар, жасөспірімдер мен балалар шығармашылық техникалық мектептері)" деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жас натуралистер станциялары (балалар экологиялық орталықтары, биологиялық орталықтар, экобиоорталықтар), жас техниктер станциялары (орталықтар, балалар мен жасөспірімдер шығармашылық техникалық мектептері), жас туристер станциялары (балалар-жасөспірімдер туризм орталықтары)

Лауазымдардың атауы

Штаттық бірліктердің саны

Директор

1

Директордың әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары

1

Қойма (шаруашылық) меңгерушісі

1

Бөлім меңгерушілері (бір бейіндегі 10 үйірме болған жағдайда - бір штат бірлігі)

Бухгалтер

1

Хатшы (іс қағаздарын жүргізуші)

1

Ғимараттарға кешенді қызмет көрсететін және жөндейтін жұмысшы (әрбір ғимаратқа)

1

Күзетші

3

Вахтер, әр ғимаратқа

1

      Ескертпелер:

      1. Жас натуралистер станциялары (балалар экологиялық орталықтары, биологиялық орталықтар, экобиоорталықтар), жас техниктер станциялары (орталықтар, балалар мен жасөспірімдер шығармашылық техникалық мектептері) (бұдан әрі - Ұйымдар) жалақы қорын бағдарламалар әкімшілері бекітілген бюджет қаражаты шегінде бекітетін қосымша білім беру педагогтерін, ұйымдастырушы педагогтерді, әдіскерлерді жұмысқа тарта алады.

      2. Санаттық және санаттан тыс туристік саяхаттар өткізген кезде топқа жетекші және жетекші орынбасары (бір, екі, үш күндік жорықтарда – топ жетекшісінің орынбасары) лауазымдарының штат бірліктері 15 адамнан тұратын топқа, ал туризмнің техникалық күрделі түрлерінен саяхаттар өткізген кезде (велосипедпен, суда, тауда, шаңғымен және тағы басқалар) 12 адамнан тұратын топқа белгіленеді.

      3. Қатысушылар экскурсиялық туристік базаларда қабылданатын экскурсиялық сапарлар өткізу кезінде 15-25 адамнан тұратын топқа жетекші және жетекші орынбасары лауазымдарының штат бірліктері белгіленеді.

      4. Жас туристер станциялары (балалар-жасөспірімдер туризм орталықтары) (бұдан әрі - Жас туристер станциялары) 35-40 баладан тұратын топтарға тәрбиеші және вожатый лауазымдары бір штат бірліктен (ал жоғары сынып оқушылары үшін тәрбиеші лауазымы екі штат бірлігі) белгіленеді.

      5. Жас туристер станцияларында туризм жөніндегі нұсқаушы-әдіскер лауазымы әрбір 45 адамға бір штат бірлігі есебінен және 15-20 адамнан тұратын топқа тәрбиеші лауазымы бір штат бірлігі есебінен белгіленеді.

      6. Ұйымдарда сорғы стансасы болған жағдайда сорғы техникасына қызмет көрсету технигі лауазымының штат бірлігі енгізіледі.

      7. Ұйымдарда бір немесе бірнеше шеберхана болған жағдайда шебер лауазымының штат бірлігі енгізіледі.";

      "Жас туристер станциялары (балалар-жасөспірімдер туризм орталықтары)" деген бөлім алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді, сондай-ақ әділет органдарын хабардар етуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушы
Ш. Акпарова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Туризм және спорт министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі