О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Караганды от 22 сентября 2026 года № 65/01 "Об утверждении Положения о государственном учреждении "Аппарат акима города Караганды"

Постановление акимата города Караганды от 15 октября 2026 года № 70/02

      В соответствии с Законами Республики Казахстан "О правовых актах", "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 сентября 2021 года № 590 "О некоторых вопросах организации деятельности государственных органов и их структурных подразделений", акимат города Караганды ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. В постановление акимата города Караганды от 22 сентября 2026 года №65/01 "Об утверждении Положения о государственном учреждении "Аппарат акима города Караганды" (далее – Постановление) внести следующие изменения и дополнения:

      Приложение к Постановлению от 22 сентября 2026 года №65/01 изложить в новой редакции согласно приложению, к настоящему постановлению.

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на руководителя аппарата акима города Караганды.

      М. Кожухов

  Утверждено
постановлением акимата
города Караганды
от "15" октября 2026 года
№ 70/02

Приложение
к Положению о государственном учреждении
"Аппарат акима города Караганды"

      Положение о государственном учреждении "Аппарат акима города Караганды", утвержденное постановлением акимата города Караганды от 22 сентября 2026 года №65/01 (далее-Положение) читать в следующей редакции:

      1. подпункт 19 пункта 14 Положения исключить;

      2. главу 3 Положения изложить в новой редакции:

      "Глава 3. Статус, полномочия руководителя государственного органа";

      3. пункт 15 Положения изложить в новой редакции:

      "15. Руководство Аппарата осуществляется руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Аппарат задач и осуществление им своих функций.";

      4. пункт 16 Положения изложить в новой редакции:

      "16. Руководитель Аппарата назначается на должность и освобождается от должности акимом города Караганды в соответствии с законодательством Республики Казахстан.";

      5. пункт 17 Положения изложить в новой редакции:

      "17. Полномочия руководителя аппарата:";

      6. подпункт 3 пункта 17 Положения изложить в новой редакции:

      "3) разрабатывает Положение о Аппарате, предложения по структуре, штатной численности и лимитах государственных учреждений акимата города Караганды и вносит их на заседание акимата для утверждения.";

      7. подпункт 4 пункта 17 Положения изложить в новой редакции:

      "4) устанавливает внутренний трудовой распорядок, осуществляет общее руководство и координацию деятельности структурных подразделений.";

      8. подпункт 5 пункта 17 Положения изложить в новой редакции:

      "5) привлекает к дисциплинарной ответственности в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан сотрудников, обеспечивающих техническое обслуживание и функционирование Аппарата.";

      9. подпункт 13 пункта 17 Положения исключить.

2026 жылғы 22 қыркүйектегі № 65/01 Қарағанды қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Қарағанды қаласы әкімдігінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қарағанды қаласының әкімдігінің 2026 жылғы 15 қазандағы № 70/02 қаулысы

      "Құқықтық актілер туралы", "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарағанды қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 22 қыркүйектегі № 65/01 "Қарағанды қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына (бұдан әрі - Қаулы) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      2026 жылғы 22 қыркүйектегі № 65/01 қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      М. Кожухов

  Қарағанды қаласы әкімдігінің
2026 жылғы "15" қазандағы
№ 70/02 қаулысымен бекітілген

"Қарағанды қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережеге қосымша

      Қарағанды қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 22 қыркүйектегі №65/01 қаулысымен бекітілген "Қарағанды қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережеге (бұдан әрі - Ереже) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. Ереженің 14-тармағының 19) тармақшасы алынып тасталсын;

      2. Ереженің 3-тарауы жаңа редакцияда баяндалсын:

      "3-тарау. Мемлекеттік орган басшысының мәртебесі, өкілеттіктері";

      3. Ереженің 15-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:

      "15. Аппаратқа басшылықты Аппаратқа жүктелген міндеттердің орындалуы және оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.";

      4. Ереженің 16-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:

      "16. Аппарат басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қарағанды қаласының әкімі лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.";

      5. Ереженің 17-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:

      "17. Аппарат басшысының өкілеттіктері:";

      6. Ереженің 17-тармағының 3) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:

      "3) Аппарат туралы ережені, Қарағанды қаласы әкімдігінің мемлекеттік мекемелерінің құрылымы, штат саны және штат санының лимиттері бойынша ұсыныстарды әзірлейді және оларды бекіту үшін әкімдік отырысына енгізеді.";

      7. Ереженің 17-тармағының 4) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:

      "4) ішкі еңбек тәртібін белгілейді, құрылымдық бөлімшелердің қызметіне жалпы басшылықты және үйлестіруді жүзеге асырады.";

      8. Ереженің 17-тармағының 5) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:

      "5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Аппараттың техникалық қызмет көрсетуі мен жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қызметкерлерді тәртіптік жауаптылыққа тартады.";

      9. Ереженің 17-тармағының 13) тармақшасы алынып тасталсын.