Об установлении публичного сервитута частной компании "Kazakhstan JinijangCo., Ltd"

Постановление акимата Карасуского района Костанайской области от 14 июля 2026 года № 128

      В соответствии со статьями 17, 69 Земельного кодекса Республики Казахстан, статьей статьей 31 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" акимат Карасуского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить частной компании "Kazakhstan JinijangCo., Ltd" публичный сервитут на земельный участок общей площадью - 2429,0 гектар, расположенный на территории Карасуского района, в целях выполнения геологоразведческих работ для утверждения ресурсов и запасов полезных ископаемых.

      2. Государственному учреждению "Отдел земельных отношений акимата Карасуского района" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) в течение пяти рабочих дней со дня подписания настоящего постановления направление его копии в электронном виде на казахском и русском языках в филиал республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан по Костанайской области для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Карасуского района после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Карасуского района.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким района К. Оспанов

"Kazakhstan JinijangCo., Ltd" жеке компаниясына жария сервитут белгілеу туралы

Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 14 шілдедегі № 128 қаулысы

      Қазақстан Республикасы  Жер кодексінің 17,  69-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 31-бабына  сәйкес Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:       

      1. Карасу ауданының аумағында орналасқан, пайдалы қазбалардың ресурстары мен қорларын бекіту үшін геологиялық барлау жұмыстарын орындау мақсатында, "Kazakhstan JinijangCo., Ltd" жеке компаниясына жалпы алаңы - 2429,0 гектар жер учаскесіне жария сервитут белгіленсін.

      2. "Қарасу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қарасу ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарасу ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі К. Оспанов