О внесении изменений и дополнения в постановление акимата Мамлютского района Северо-Казахстанской области от 1 апреля 2024 года № 70 "Об утверждении Положения коммунального государственного учреждения "Отдел внутренней политики, культуры и развития языков акимата Мамлютского района Северо-Казахстанской области"

Постановление акимата Мамлютского района Северо-Казахстанской области от 17 августа 2026 года № 228

      Акимат Мамлютского района Северо-Казахстанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата Мамлютского района Северо-Казахстанской области от 1 апреля 2024 года № 70 "Об утверждении Положения коммунального государственного учреждения "Отдел внутренней политики, культуры и развития языков акимата Мамлютского района Северо-Казахстанской области" следующие изменения и дополнение:

      в Положении о коммунальном государственном учреждении "Отдел внутренней политики, культуры и развития языков акимата Мамлютского района Северо-Казахстанской области", утвержденном указанным постановлением:

      пункт 13 изложить в следующей редакции:

      "13. Задачи:

      1) формирование государственной политики в сферах:

      культуры, а также международных культурных связей;

      охраны и использования объектов историко-культурного наследия;

      кинематографии;

      государственных символов;

      архивного дела и документационного обеспечения;

      электронного документооборота и электронных архивов, в том числе служебной информации ограниченного распространения и работы с ней;

      ономастики;

      креативных индустрий и коммерциализации результатов творческой деятельности;

      информации;

      доступа к информации;

      защиты детей от информации, причиняющей вред их здоровью и развитию;

      телерадиовещания;

      средств массовой информации;

      онлайн-платформ и онлайн-рекламы;

      религиозной деятельности;

      государственной молодежной и семейной политики;

      модернизации общественного сознания;

      благотворительности;

      волонтерской деятельности;

      медиации;

      2) обеспечения внутриполитической стабильности, межконфессионального и межэтнического согласия;

      3) обеспечения соблюдения законодательства Республики Казахстан, регулирующее изготовление и использование государственных символов Республики Казахстан государственными органами, физическими, юридическими и должностными лицами, выявления и устранения нарушений законодательства Республики Казахстан, восстановления нарушенных прав граждан и юридических лиц;

      4) взаимодействия государства, гражданского общества и общественных советов;

      5) осуществления иных задач, возложенных на Отдел, в пределах своей компетенции.";

      подпункты 13), 14), 15), 16), 17) пункта 15 исключить;

      подпункты 44), 45), 61) пункта 15 изложить в следующей редакции:

      "44) составляет протокола об административных правонарушениях (статьи 75, 418 (частью 1 - 1), 456 - 3) и рассматривает дела об административных правонарушениях, предусмотренных статьей 75 Кодекса Республики Казахстан об административных правонарушениях (далее - Кодекс), налагает административные взыскания за административные правонарушения, предусмотренные статьей 75 Кодекса;

      45) поддерживает и координирует деятельность государственных организаций культуры района в сфере театрального, музыкального искусства и киноискусства, библиотечного и музейного дела, культурно-досуговой деятельности;

      61) осуществляет в интересах местного государственного управления иные полномочия, возлагаемые на Отдел законодательством Республики Казахстан;";

      пункт 15 дополнить подпунктом 62) следующего содержания:

      "62) осуществляет контроль за использованием (установлением, размещением) государственных символов Республики Казахстан на территории Мамлютского района Северо-Казахстанской области.".

      2. Коммунальному государственному учреждению "Отдел внутренней политики, культуры и развития языков акимата Мамлютского района Северо-Казахстанской области" уведомить регистрирующий орган о внесении изменения и дополнений в установленном законодательством порядке и принять иные меры, вытекающие из настоящего постановления.

      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Аким Мамлютского района Северо-Казахстанской области Е. Степаненко

"Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 1 сәуірдегі № 70 қаулысына өзгерістер және толықтыру енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 17 тамыздағы № 228 қаулысы

      Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 1 сәуірдегі № 70 қаулысына келесі өзгерістер және толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Мақсаттары:

      1) мынадай салаларда мемлекеттік саясатты қалыптастыру:

      мәдениет, сондай-ақ халықаралық мәдени байланыстар;

      тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану;

      кинематография;

      мемлекеттік рәміздер;

      архив ісі және құжаттамалық қамтамасыз ету;

      электрондық құжат айналымы мен электрондық архивтер, оның ішінде таратылуы шектелген қызметтік ақпарат және онымен жұмыс істеу;

      ономастика;

      креативті индустриялар және шығармашылық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру;

      ақпарат;

      ақпаратқа қол жеткізу;

      балаларды олардың денсаулығына және дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау;

      телерадио хабарларын тарату;

      бұқаралық ақпарат құралдары;

      онлайн-платформалар және онлайн-жарнама;

      діни қызмет;

      мемлекеттік жастар және отбасы саясаты;

      қоғамдық сананы жаңғырту;

      қайырымдылық;

      волонтерлік қызмет;

      медиация;

      2) ішкі саяси тұрақтылықты, конфессияаралық және этносаралық келісімді қамтамасыз ету;

      3) мемлекеттiк органдардың, жеке, заңды тұлғалардың және лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәміздерін дайындауды және пайдалануды реттейтiн Қазақстан Республикасының заңнамасының сақталуын, Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуын анықтауды және жоюды, азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтiрудi қамтамасыз ету;

      4) мемлекеттің, азаматтық қоғамның және қоғамдық кеңестердің өзара іс-қимылы;

      5) өз құзыреті шегінде Бөлімге жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.";

      15 - тармақтың 13), 14), 15), 16), 17) тармақшалары жойылсын:

      15 - тармақтың 44), 45), 61) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "44) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларын жасайды (75, 418 (1 - 1 - бөлігінде), 456 - 3 - баптар) және Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 75 -бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қарайды, Кодекстің 75 - бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалар қолданады;

      45) театр, музыка өнері және кино өнері, кітапхана және музей ісі, мәдени-демалыс қызметі саласында ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін қолдайды және үйлестіреді;

      61) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен Бөлімге жүктелетін өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады;";

      15 - тармақ мынадай мазмұндағы 62) тармақшамен толықтырылсын:

      "62) Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы аумағында пайдаланылуын (тігілуін, орналастырылуын) бақылауды жүзеге асырады.".

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі тіркеуші органды заңнамада белгіленген тәртіппен өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы хабардар етсін және осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімі Е. Степаненко