Об определении порядка и условий установления за счет средств местного бюджета стимулирующих надбавок к должностным окладам работников организаций, финансируемых из местного бюджета

Постановление акимата города Усть-Каменогорска Восточно-Казахстанской области от 16 июля 2026 года № 2362

      В соответствии с пунктом 2 статьи 31 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 3) пункта 5 постановления Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1193 "О системе оплаты труда гражданских служащих, работников организаций, содержащихся за счет средств государственного бюджета, работников казенных предприятий" акимат города Усть-Каменогорска ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Определить порядок и условия установления за счет средств местного бюджета стимулирующих надбавок к должностным окладам работников организаций, финансируемых из местного бюджета, согласно приложению.

      2. Государственному учреждению "Отдел экономики и бюджетного планирования города Усть-Каменогорска" принять необходимые меры, вытекающие из настоящего постановления.

      3. Государственному учреждению "Отдел внутренней политики города Усть-Каменогорска" обеспечить размещение настоящего постановления на интернет ресурсе акимата города Усть-Каменогорска после его официального опубликования.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима города Усть-Каменогорска.

      5. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования.

      Аким города Усть-Каменогорска А. Акышов

  Приложение
к постановлению акимата
города Усть-Каменогорска
от 16 июля 2026 года
№ 2362

Порядок и условия установления стимулирующих надбавок к должностным окладам работников организаций, финансируемых из местного бюджета

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящий порядок и условия установления стимулирующих надбавок к должностным окладам работников организаций, финансируемых из местного бюджета разработан на основании подпункта 3) пункта 5 постановления Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1193 "О системе оплаты труда гражданских служащих, работников организаций, содержащихся за счет средств государственного бюджета, работников казенных предприятий" и определяет порядок и условия установления стимулирующих надбавок к должностным окладам работников организаций, финансируемых из местного бюджета.

      2. Стимулирующие надбавки к должностным окладам работников организаций, финансируемых из местного бюджета, устанавливаются по решению Усть-Каменогорского городского маслихата.

Глава 2. Порядок установления стимулирующих надбавок к должностным окладам работников организаций, финансируемых из местного бюджета

      3. Установление стимулирующих надбавок к должностному окладу производится приказом руководителя организации либо лица, его замещающего, на основании письменного представления руководителей самостоятельных структурных подразделений организаций, финансируемых из местного бюджета.

      Письменное представление вносится непосредственным руководителем работника самостоятельных структурных подразделений первому руководителю организации.

      4. В представлении указываются фамилия и должность работника, и основания и размер устанавливаемой надбавки.

      5. Представление рассматривается руководителем организации в срок не более 5 календарных дней.

      6. Руководитель организации в результате рассмотрения представления согласовывает либо отказывает с обоснованием причин отказа в установлении стимулирующей надбавки к должностному окладу.

      7. Стимулирующие надбавки не выплачиваются:

      1) в период нахождения работника на испытательном сроке;

      2) при наличии неснятого дисциплинарного взыскания;

      3) проработавшим в организации менее одного месяца;

      4) в период отпуска в связи с беременностью и рождением ребенка (детей), усыновлением (удочерением) новорожденного ребенка (детей);

      5) в период отпуска без сохранения заработной платы по уходу за ребенком до достижения им возраста трех лет.

Глава 3. Условия установления стимулирующих надбавок к должностным окладам работников организаций, финансируемых из местного бюджета

      8. Стимулирующие надбавки являются выплатами, устанавливаемыми с целью мотивирования персонала и сохранения квалифицированного кадрового состава.

      9. Стимулирующие надбавки не должны превышать размера одного должностного оклада работника.

      10. Выплата стимулирующих надбавок к должностным окладам работников не является основанием для прекращения выплаченных видов стимулирования труда работников (премии, доплаты, надбавки за совмещение должностей, за расширение зоны покрытия, сверхурочные и другие).

      11. Выплата стимулирующих надбавок к должностным окладам работников осуществляется ежемесячно в течение календарного года.

      12. Стимулирующие надбавки могут быть пересмотрены на ежегодной основе, исходя из анализа основных показателей оплаты труда, возможностей бюджета и в случае изменения законодательства Республики Казахстан.

      13. Основными показателями, характеризующими результаты деятельности работника, дающими право на установление стимулирующих надбавок, являются:

      1) соблюдение исполнительской и трудовой дисциплины;

      2) достижение результатов работы за определенный период;

      3) образцовое и безупречное выполнение должностных обязанностей, выполнение заданий особой важности и сложности и другие достижения в работе;

      4) выполнение неотложной и заранее непредвиденной работы, от срочного выполнения которой зависит в дальнейшем нормальная (бесперебойная) работа организации;

      5) выполнение функций, сокращенных и/или временно отсутствующих работников без освобождения от своей основной работы, если замещение временно отсутствующего работника не входит в должностные обязанности замещающего работника;

      6) возложение на него расширенного круга обязанностей, достаточный опыт (стаж) и навыки в работе, сочетающиеся с высоким профессиональным уровнем и компетенцией, с успешным их применением на практике, а также другие показатели;

      7) осуществление работы с документами, содержащими сведения, составляющие государственные секреты, в зависимости от объема их исполнения, а также за ограничение некоторых его прав и дополнительную ответственность;

      8) при переводе (назначении) работника на нижеоплачиваемую должность (более легкую работу), связанном с объективными обстоятельствами: трудовое увечье, профессиональное заболевание или иное повреждение здоровья, полученное в связи с исполнением трудовых обязанностей в этом органе, до восстановления трудоспособности либо установления инвалидности.

      14. Источником финансирования выплат стимулирующих надбавок к должностному окладу работников бюджетных организаций является местный бюджет.

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттарын айқындау туралы

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 16 шілдедегі № 2362 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармақшасына, "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттары қосымшаға сәйкес айқындалсын.

      2. "Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. "Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Өскемен қаласы әкімдігінің интернет ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

      Өскемен қаласының әкімі А. Акышов

  Өскемен қаласы әкімдігінің
2026 жылғы 16 шілдедегі
№ 2362 қаулысына
қосымша

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандырушы үстемеақыларды белгілеудің тәртібі мен шарттары (бұдан әрі – Тәртіп) "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5-тармағы 3)-тармақшасының негізінде әзірленді және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттарын айқындайды.

      2. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдардың қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына ынталандыратын үстемақылар Өскемен қалалық мәслихатының шешімімен белгіленеді.

2-тарау. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі

      3. Лауазымдық еңбекақыға ынталандыру үстемақыларын белгілеу ұйым басшысының немесе оны ауыстыратын адамның бұйрығымен, жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен қаржыландырылатын ұйымдардың дербес құрылымдық бөлімшелерінің басшыларының жазбаша ұсынуы негізінде жүзеге асырылады.

      Жазбаша ұсынысты дербес құрылымдық бөлімшенің тікелей басшысы ұйымның бірінші басшысына енгізеді.

      4. Ұсынымда қызметкердің тегі мен лауазымы және белгіленген үстемақыға негіздеме және мөлшері көрсетіледі.

      5. Ұсыным ұйым басшысы тарапынан 5 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде қарастырылады.

      6. Ұйым басшысы ұсынысты қарағаннан кейін қызметтік еңбекақыға ынталандыру үстемақы бекітуге келісім береді немесе бас тарту себебін түсіндіріп, рұқсат етпейді.

      7. Ынталандыру үстемақылары төленбейді:

      1) қызметкер сынақ мерзімінде болған кезеңде;

      2) алынбаған тәртіптік жаза болған жағдайда;

      3) ұйымда бір айдан кем жұмыс атқарғандарға;

      4) жүктілікке және бала тууына байланысты демалыс кезінде, жаңа туған баланы асырап алу кезінде;

      5) үш жасқа дейінгі баланы қарауға байланысты еңбекақысы сақталмаған демалыс кезінде.

3-тарау. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақылар белгілеу шарттары

      8. Ынталандыру үстемеақылары қызметкерлерді ынталандыру мақсатында және білікті мамандар құрамын сақтау мақсатында белгіленетін төлемдер болып табылады.

      9. Ынталандыру үстемеақылары қызметкердің бір лауазымдық жалақы мөлшерінен аспауы керек.

      10. Ынталандыру үстемеақыларын төлеу қызметкерлердің еңбегін ынталандырудың өзге түрлерін (сыйлықақылар, қосымша төлемақылар, лауазымдарды қоса атқарғаны үшін, қызмет көрсету аймағының кеңеюі, үстеме жұмыс және басқалар үшін үстемеақылар) төлеуді тоқтатуға негіз болып табылмайды.

      11. Қызметкерлердің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар төлеу жыл көлемінде ай сайын жүзеге асырылады.

      12. Ынталандыру үстемақылары еңбекақының негізгі көрсеткіштерін, бюджет мүмкіндіктерін және Қазақстан Республикасының заңнамаларында болған өзгерістерді ескере отырып жыл сайын қайта қаралуы мүмкін.

      13. Ынталандыру үстемеақыларды белгілеуге құқық беретін қызметкерлер қызметінің нәтижелерін сипаттайтын негізгі көрсеткіштер:

      1) орындаушылық және еңбек тәртібін сақтау;

      2) белгілі бір кезеңдегі жұмыс нәтижелері;

      3) лауазымдық міндеттерді үлгілі және мінсіз орындау, аса маңызды және күрделі тапсырмаларды орындау және жұмыстағы басқа да жетістіктері;

      4) ұйымның одан әрі қалыпты (үздіксіз) жұмысының шұғыл орындалуына байланысты болатын шұғыл және алдын ала күтпеген жұмыстарды орындауы;

      5) егер уақытша болмаған қызметкерді ауыстыру алмастырушы жұмыскердің лауазымдық міндеттеріне кірмейтін болса, қысқартылған және / немесе уақытша болмаған қызметкердің функцияларын өзінің негізгі жұмысынан босатпай орындау;

      6) оған міндеттердің кеңейтілген шеңберін, жоғары кәсіби деңгеймен және құзыреттілікпен ұштастырылған жұмыстағы жеткілікті тәжірибе (жұмыс өтілі) мен дағдыларды, оларды практикада табысты қолданумен жүктеу;

      7) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын құжаттармен олардың орындалу көлеміне қарай, сондай - ақ оның кейбір құқықтарын шектегені және қосымша жауаптылығы үшін жұмысты жүзеге асыру;

      8) объективті мән - жайларға байланысты қызметкерді төмен ақы төленетін лауазымға (неғұрлым жеңіл жұмысқа) ауыстыру (тағайындау) кезінде: еңбекке жарамдылығы қалпына келтірілгенге немесе мүгедектік белгіленгенге дейін осы органда еңбек міндеттерін атқаруға байланысты алынған еңбек жарақаты, кәсіптік ауруы немесе денсаулығының өзге де зақымдануы болып табылады.

      14. Бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық еңбекақыларына арналған ынталандыру үстемақыларын қаржыландыру көзі – жергілікті бюджет.