О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 августа 2022 года № 581 "Некоторые вопросы Министерства просвещения Республики Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 19 августа 2026 года № 740

      Примечание ИЗПИ!
      Введение в действие см. п. 2.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 августа 2022 года № 581 "Некоторые вопросы Министерства просвещения Республики Казахстан" следующие изменения и дополнения:

      в Положении о Министерстве просвещения Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:

      в пункте 15:

      подпункт 4) изложить в следующей редакции:

      "4) утверждение государственных общеобязательных стандартов всех уровней образования, за исключением высшего и послевузовского образования;";

      дополнить подпунктом 32-1) следующего содержания:

      "32-1) утверждение квалификационных требований к должностям, связанным с исполнением управленческих функций в государственных организациях образования, по форме, утверждаемой уполномоченным органом по делам государственной службы по согласованию с уполномоченным государственным органом по труду;";

      подпункт 33) изложить в следующей редакции:

      "33) разработка и утверждение совместно с уполномоченным государственным органом по труду правил назначения на должности, освобождения от должностей педагогов государственных организаций образования;";

      подпункт 75) изложить в следующей редакции:

      "75) разработка и утверждение перечня специальностей и квалификаций технического и профессионального, послесреднего образования, получение которых допускается в формах вечернего обучения, онлайн-обучения, а также экстерната по специальностям культуры и искусства, физической культуры и спорта;";

      дополнить подпунктом 163-1) следующего содержания:

      "163-1) разработка и утверждение правил использования абонентского устройства сотовой связи обучающимися и воспитанниками в организациях среднего образования;";

      подпункт 167) изложить в следующей редакции:

      "167) утверждение перечня международных олимпиад по общеобразовательным предметам, международных конкурсов научных проектов и международных конкурсов исполнителей, спортивных соревнований, международных конкурсов профессионального мастерства, по которым победители и призеры (награжденные дипломами (или сертификатами) первой, второй и третьей степени) последних трех лет зачисляются с присуждением образовательного гранта в организации образования, реализующие образовательные программы высшего образования, и критериев их отбора;";

      дополнить подпунктом 235-46) следующего содержания:

      "235-46) утверждение правил трудового распорядка на основе типовых правил трудового распорядка государственных служащих, утвержденных уполномоченным органом по делам государственной службы;";

      дополнить пунктом 21-1 следующего содержания:

      "21-1. Полномочия руководителя аппарата Министерства:

      1) организует реализацию целей, возложенных на Министерство;

      2) организует, координирует и контролирует деятельность структурных подразделений Министерства в пределах своей компетенции;

      3) организует материально-техническое, организационно-правовое и финансовое обеспечение деятельности Министерства и его ведомств;

      4) после согласования с первым руководителем Министерства утверждает штатную численность и штатное расписание Министерства в пределах лимита штатной численности Министерства, утвержденного соответствующими нормативными правовыми актами;

      5) организует работу по реализации плана развития Министерства;

      6) по согласованию с первым руководителем Министерства назначает на должности и освобождает от должностей руководителей департаментов и самостоятельных управлений Министерства, курируемых первым руководителем Министерства или его заместителями, за исключением государственных служащих, вопросы трудовых отношений которых в соответствии с законами Республики Казахстан отнесены к компетенции вышестоящих должностных лиц (органов);

      7) назначает на должности и освобождает от должностей государственных служащих аппарата Министерства, за исключением государственных служащих, вопросы трудовых отношений которых в соответствии с законами Республики Казахстан отнесены к компетенции вышестоящих должностных лиц (органов);

      8) осуществляет общее руководство деятельностью дисциплинарной и конкурсной комиссий Министерства;

      9) осуществляет контроль за соблюдением служебной дисциплины;

      10) решает вопросы дисциплинарной ответственности государственных служащих аппарата Министерства, за исключением государственных служащих, вопросы трудовых отношений которых в соответствии с законами Республики Казахстан отнесены к компетенции вышестоящих должностных лиц (органов);

      11) решает вопросы командирования, предоставления отпусков, оказания материальной помощи, подготовки, переподготовки и повышения квалификации, поощрения, выплаты надбавок государственным служащим аппарата Министерства, за исключением государственных служащих, вопросы трудовых отношений которых в соответствии с законами Республики Казахстан отнесены к компетенции вышестоящих должностных лиц (органов);

      12) осуществляет общее руководство в сфере государственных закупок Министерства;

      13) обеспечивает подготовку бюджетного запроса Министерства, представляет бюджетный запрос первому руководителю Министерства, а также выполняет иные процедуры бюджетного процесса;

      14) контролирует ход исполнения решений, принятых первым руководителем Министерства и его заместителями;

      15) принимает правовые акты индивидуального применения;

      16) утверждает квалификационные требования к административным государственным должностям корпуса "Б" по согласованию с уполномоченным органом по делам государственной службы на основе типовых квалификационных требований к административным государственным должностям;

      17) принимает решения по другим вопросам, отнесенным к его компетенции в соответствии с законодательством Республики Казахстан.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания, за исключением абзацев десятого и одиннадцатого пункта 1 настоящего постановления, которые вводятся в действие с 1 января 2027 года.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
О. Бектенов

"Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлiгінің кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 19 тамыздағы № 740 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлiгінің кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақта:

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді қоспағанда, барлық деңгейдегі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 32-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "32-1) мемлекеттік білім беру ұйымдарында басқарушылық функцияларды атқарумен байланысты лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын еңбек жөніндегі уəкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уəкілетті орган бекітетін нысан бойынша бекіту;";

      33) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "33) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп, мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымынан босату қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      75) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "75) мәдениет және өнер, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша кешкі оқу, онлайн-оқу, сондай-ақ экстернат нысандарында білім алуға жол берілетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мамандықтары мен біліктіліктерінің тізбесін әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 163-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "163-1) орта білім беру ұйымдарында білім алушылар мен тәрбиеленушілердің ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      167) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "167) соңғы үш жылдағы жеңімпаздары мен жүлдегерлері (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен (немесе сертификаттармен) марапатталған) жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына білім беру гранты беріле отырып қабылданатын жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың, ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарының және орындаушылардың халықаралық конкурстарының, спорттық жарыстардың, халықаралық кәсіби шеберлік конкурстарының тізбесі мен оларды іріктеу өлшемшарттарын бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 235-46) тармақшамен толықтырылсын:

      "235-46) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уəкілетті орган бекітетін мемлекеттік қызметшілер еңбек тәртіптемесінің үлгілік қағидалары негізінде еңбек тәртіптемесінің қағидаларын бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 21-1-тармақпен толықтырылсын:

      "21-1. Министрліктің аппарат басшысының өкілеттіктері:

      1) Министрлікке жүктелген мақсаттардың іске асырылуын ұйымдастырады;

      2) өз құзыреті шегінде Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;

      3) Министрліктің, оның ведомстволарының қызметін материалдық-техникалық, ұйымдық-құқықтық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

      4) Министрліктің бірінші басшысымен келісілгеннен кейін тиісті нормативтік құқықтық актілермен бекітілген Министрліктің штат санының лимиті шегінде Министрліктің штат санын және штат кестесін бекітеді;

      5) Министрліктің даму жоспарын іске асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

      6) еңбек қатынастары мәселелері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жоғары тұрған лауазымды адамдардың (органдардың) құзыретіне жатқызылған мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, Министрліктің бірінші басшысымен келісу бойынша Министрліктің бірінші басшысы немесе оның орынбасарлары жетекшілік ететін Министрліктің департаменттері мен дербес басқармаларының басшыларын лауазымдарға тағайындайды және лауазымдарынан босатады;

      7) еңбек қатынастары мәселелері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жоғары тұрған лауазымды адамдардың (органдардың) құзыретіне жатқызылған мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, Министрлік аппаратының мемлекеттік қызметшілерін лауазымдарға тағайындайды және лауазымдарынан босатады;

      8) Министрліктің тәртіптік және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;

      9) қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      10) еңбек қатынастары мәселелері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жоғары тұрған лауазымды адамдардың (органдардың) құзыретіне жатқызылған мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, Министрлік аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік жауаптылығы мәселелерін шешеді;

      11) еңбек қатынастары мәселелері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жоғары тұрған лауазымды адамдардың (органдардың) құзыретіне жатқызылған мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, Министрлік аппаратының мемлекеттік қызметшілерін іссапарға жіберу, оларға демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақы төлеу мәселелерін шешеді;

      12) Министрліктің мемлекеттік сатып алу саласында жалпы басшылық етуді жүзеге асырады;

      13) Министрліктің бюджеттік сұранымын дайындауды қамтамасыз етеді, бюджеттік сұранымды Министрліктің бірінші басшысына ұсынады, сондай-ақ бюджет процесінің өзге де рәсімдерін орындайды;

      14) Министрліктің бірінші басшысы мен оның орынбасарлары қабылдаған шешімдердің орындалу барысын бақылайды;

      15) жеке қолданылатын құқықтық актілерді қабылдайды;

      16) "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға қойылатын үлгілік біліктілік талаптары негізінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;

      17) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.".

      2. Осы қаулы 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының оныншы және он бірінші абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов