Об установлении пределов отклонения курса покупки от курса продажи иностранной валюты за теңге по операциям, проводимым через обменные пункты

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 20 февраля 2025 года № 11. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 25 февраля 2025 года № 35749.

      Сноска. Заголовок – в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 30.06.2026 № 78 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 10) части третьей пункта 19 Положения о Национальном Банке Республики Казахстан, утвержденного Указом Президента Республики Казахстан от 31 декабря 2003 года № 1271 "Об утверждении Положения и структуры Национального Банка Республики Казахстан", пунктом 3 статьи 11 Закона Республики Казахстан "О валютном регулировании и валютном контроле" Правление Национального Банка Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      Сноска. Преамбула – в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 30.06.2026 № 78 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Установить пределы отклонения курса покупки от курса продажи иностранной валюты за теңге по операциям, проводимым через обменные пункты, для:

      1) доллара США – 7 теңге,

      2) евро – 10 теңге."

      Сноска. Пункт 1 – в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 30.06.2026 № 78 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Департаменту наличного денежного обращения Национального Банка Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) совместно с Юридическим департаментом Национального Банка Республики Казахстан государственную регистрацию настоящего постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего постановления на официальном интернет-ресурсе Национального Банка Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего постановления представление в Юридический департамент Национального Банка Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятия, предусмотренного подпунктом 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя Председателя Национального Банка Республики Казахстан.

      4. Настоящее постановление вводится в действие после дня его первого официального опубликования.

      Председатель
Национального Банка
Республики Казахстан
Т. Сулейменов

Айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 20 ақпандағы № 11 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 25 ақпанда № 35749 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырыпта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2026 № 78 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағы үшінші бөлігінің 10) тармақшасына, "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2026 № 78 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектері:

      1) АҚШ доллары үшін – 7 теңге,

      2) еуро үшін – 10 теңге болып белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2026 № 78 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қолма-қол ақша айналысы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкінің Төрағасы
Т. Сулейменов