О внесении дополнений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка от 16 августа 2024 года № 51 "Об утверждении Правил урегулирования коллекторскими агентствами задолженности физических лиц"

Постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка от 27 июля 2026 года № 109. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 29 июля 2026 года № 39436

      Примечание ИЗПИ!
      Порядок введения в действие см. п. 4.

      Правление Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка от 16 августа 2024 года № 51 "Об утверждении Правил урегулирования коллекторскими агентствами задолженности физических лиц" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 34952) (далее - постановление) следующие дополнения:

      Правила урегулирования коллекторскими агентствами задолженности физических лиц, утвержденные настоящим постановлением (далее - Правила):

      дополнить пунктами 4-3 и 4-4 следующего содержания:

      "4-3. При наличии просроченной задолженности перед двумя и более кредиторами, являющимися банками, организациями, осуществляющими микрофинансовую деятельность (за исключением ломбардов), коллекторскими агентствами, которым уступлены права требования по договору банковского займа или по договору о предоставлении микрокредита (далее - кредиторы), по потребительским банковским займам и потребительским микрокредитам, не обеспеченным залогом имущества, заемщик вправе обратиться за коллективным урегулированием задолженности через платформу коллективного урегулирования, функционирующую при службе банковского омбудсмана и микрофинансового омбудсмана.

      Под коллективным урегулированием задолженности понимается процедура досудебного урегулирования просроченной задолженности заемщика по потребительским банковским займам и потребительским микрокредитам, не обеспеченным залогом имущества, перед двумя и более кредиторами, предусматривающая участие всех данных кредиторов заемщика в урегулировании задолженности.

      Коллективное урегулирование задолженности осуществляется в порядке и на условиях, предусмотренных постановлением Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка от 28 апреля 2026 года № 83 "Об утверждении Правил рассмотрения изменений в условия договора банковского займа и договора о предоставлении микрокредита, перечня документов, прилагаемых к заявлению заемщика – физического лица о внесении изменений в условия договора банковского займа и договора о предоставлении микрокредита, а также порядка информирования банком и организацией, осуществляющей микрофинансовую деятельность, уполномоченного органа о результатах рассмотрения заявлений заемщиков – физических лиц о внесении изменений в условия договора банковского займа и договора о предоставлении микрокредита" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 38583).

      Для целей настоящего пункта под потребительским кредитом понимается потребительский банковский заем в соответствии с подпунктом 34) статьи 1 Закона Республики Казахстан "О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан" и потребительский микрокредит в соответствии с подпунктом 7-2) статьи 1 Закона Республики Казахстан "О микрофинансовой деятельности".

      4-4. Критериями задолженности, подлежащей коллективному урегулированию, являются:

      1) просроченная задолженность перед двумя и более кредиторами по потребительским банковским займам и микрокредитам, не обеспеченным залогом имущества, превышает 90 (девяноста) последовательных календарных дней;

      2) задолженность заемщика не являлась предметом процедуры коллективного урегулирования в течение 12 (двенадцати) месяцев, предшествующих подаче заявления о коллективном урегулировании задолженности;

      3) отсутствие в отношении заемщика возбужденного дела о применении процедуры восстановления платежеспособности, внесудебного или судебного банкротства в порядке, предусмотренном Законом Республики Казахстан "О восстановлении платежеспособности и банкротстве граждан Республики Казахстан" на дату подачи заемщиком заявления о коллективном урегулировании задолженности.

      Наличие вступивших в законную силу судебных актов либо исполнительных надписей нотариуса о взыскании задолженности по требованиям кредиторов, являющихся участниками процедуры коллективного урегулирования задолженности, а также возбужденного на их основании исполнительного производства не препятствует допуску заемщика к указанной процедуре при условии оплаты им расходов по совершению исполнительных действий и оплаты деятельности частного судебного исполнителя.".

      2. Департаменту поведенческого надзора в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) совместно с Юридическим департаментом государственную регистрацию настоящего постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего постановления на официальном интернет-ресурсе Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего постановления представление в Юридический департамент сведений об исполнении мероприятия, предусмотренного подпунктом 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Установить, что с 1 января 2027 года часть первая пункта 4-3 Правил действует в следующей редакции:

      "4-3. При наличии просроченной задолженности перед двумя и более кредиторами, являющимися банками, организациями, осуществляющими микрофинансовую деятельность (за исключением ломбардов), коллекторскими агентствами, которым уступлены права требования по договору банковского займа или по договору о предоставлении микрокредита (далее - кредиторы), по потребительским банковским займам и потребительским микрокредитам, не обеспеченным залогом имущества, заемщик вправе обратиться за коллективным урегулированием задолженности через платформу коллективного урегулирования, функционирующую при службе финансового омбудсмана.".

      Председатель Агентства
Республики Казахстан
по регулированию и развитию
финансового рынка
М. Абылкасымова

"Коллекторлық агенттіктердің жеке тұлғалардың берешегін реттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 16 тамыздағы № 51 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 27 шiлдедегi № 109 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 29 шiлдеде № 39436 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Коллекторлық агенттіктердің жеке тұлғалардың берешегін реттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 16 тамыздағы № 51 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34952 болып тіркелген) (бұдан әрі – қаулы) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Коллекторлық агенттіктердің жеке тұлғалардың берешегін реттеу қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):

      мынадай мазмұндағы 4-3 және 4-4-тармақтармен толықтырылсын:

      "4-3. Банктер, микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйымдар болып табылатын екі және одан да көп кредиторлар алдында мерзімі өткен берешегі болған кезде (ломбардтарды қоспағанда), банктік қарыз шарты бойынша немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша талап ету құқықтары берілген коллекторлық агенттіктер (бұдан әрі - кредиторлар), мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық банктік қарыздар және тұтынушылық микрокредиттер бойынша қарыз алушы берешекті ұжымдық реттеу үшін қаржы омбудсманы қызметінің жанында жұмыс істейтін ұжымдық реттеу платформасы арқылы жүгінуге құқылы.

      Берешекті ұжымдық реттеу деп қарыз алушының банктер, микроқаржы ұйымдары не коллекторлық агенттіктер болып табылатын екі немесе одан көп кредитор алдындағы кепіл мүлкімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық банктік қарыздар мен тұтынушылық микрокредиттер бойынша мерзімі өткен берешегін реттеуге осы барлық кредитордың қатысуын көздейтін сотқа дейінгі реттеу рәсімі түсініледі.

      Берешекті ұжымдық реттеу "Банктік қарыз шартының және микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістерді қарау қағидаларын, қарыз алушы жеке тұлғаның банктік қарыз шартының және микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтінішіне қоса берілетін құжаттардың тізбесін, сондай-ақ банктің және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның, уәкілетті органның қарыз алушы жеке тұлғалардың банктік қарыз шартының және микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтініштерін қарау нәтижелері туралы уәкілетті органға хабарлау тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 28 сәуірдегі № 83 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38583 болып тіркелген) көзделген тәртіппен және талаптармен жүзеге асырылады.

      Осы тармақтың мақсаттары үшін тұтынушылық кредит деп "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 34) тармақшасына сәйкес тұтынушылық банктік қарыз және "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 7-2) тармақшасына сәйкес тұтынушылық микрокредит түсініледі.

      4-4. Ұжымдық реттеуге жататын берешектің өлшемшарттары:

      1) банктер, микроқаржы ұйымдары не коллекторлық агенттіктер болып табылатын екі және одан да көп кредитор алдындағы кепіл мүлкімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық банктік қарыздар және тұтынушылық микрокредиттер бойынша мерзімі өткен берешек қатарынан күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен асады;

      2) қарыз алушының берешегі берешекті ұжымдық реттеу туралы өтініш берудің алдындағы 12 (он екі) ай ішінде ұжымдық реттеу рәсімінің мәні болмаған;

      3) қарыз алушы берешекті ұжымдық реттеу туралы өтініш берген күні "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен қарыз алушыға қатысты төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, соттан тыс немесе сот банкроттығы рәсімін қолдану туралы қозғалған істің болмауы.

      Берешекті ұжымдық реттеу рәсіміне қатысушылар болып табылатын кредиторлардың талаптары бойынша берешекті өндіріп алу туралы заңды күшіне енген сот актілерінің не нотариустың атқарушылық жазбаларының, сондай-ақ олардың негізінде қозғалған атқарушылық істің болуы қарыз алушының атқарушылық әрекеттер жасау шығыстарын төлеген және жеке сот орындаушысы қызметінің ақысын төлеген жағдайда, оны көрсетілген рәсімге жіберуге кедергі болмайды.".

      2. Іс-қимылды қадағалау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      2027 жылғы 1 қаңтардан бастап Қағидалардың 4-3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "4-3. Банктер, микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйымдар болып табылатын екі және одан да көп кредиторлар алдында мерзімі өткен берешегі болған кезде (ломбардтарды қоспағанда), банктік қарыз шарты бойынша немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша талап ету құқықтары берілген коллекторлық агенттіктер (бұдан әрі - кредиторлар), мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық банктік қарыздар және тұтынушылық микрокредиттер бойынша қарыз алушы берешекті ұжымдық реттеу үшін қаржы омбудсманы қызметінің жанында жұмыс істейтін ұжымдық реттеу платформасы арқылы жүгінуге құқылы.".

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту
Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова