О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 24 февраля 2015 года № 166 "Об утверждении Правил долгосрочного субсидирования расходов перевозчика, связанных с осуществлением перевозок пассажиров по социально значимым сообщениям"

Приказ и.о. Министра транспорта Республики Казахстан от 16 сентября 2026 года № 255. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 17 сентября 2026 года № 39901

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 24 февраля 2015 года № 166 "Об утверждении Правил долгосрочного субсидирования расходов перевозчика, связанных с осуществлением перевозок пассажиров по социально значимым сообщениям" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 11540) следующие изменения:

      в Правилах долгосрочного субсидирования расходов перевозчика, связанных с осуществлением перевозок пассажиров по социально значимым сообщениям, утвержденных указанным приказом:

      пункт 3 изложить в следующей редакции:

      "3. В настоящих Правилах используются следующие определения:

      1) система первого уровня – регистраторская система, интегрированная с системами второго уровня мер государственной поддержки, содержащая эталонный электронный реестр заявок получателей мер государственной поддержки частного предпринимательства, где посредством окончательного постформатно-логического контроля определяется соответствие получателя мер государственной поддержки частного предпринимательства базовым требованиям, определяемых в рамках Правил проведения мониторинга мер государственной поддержки частного предпринимательства и их получателей (далее – Правила проведения мониторинга), утвержденными приказом Министра финансов Республики Казахстан от 29 мая 2026 года № 437 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 38840);

      2) система второго уровня – отраслевая государственная цифровая система, посредством которой осуществляется прием заявок от получателей мер государственной поддержки частного предпринимательства, их обработка с применением форматно-логического контроля и передача обработанных заявок на первый уровень;

      3) государственный орган – центральный государственный орган, осуществляющий руководство в сферах естественных монополий и на регулируемых рынках;

      4) уполномоченный орган – центральный исполнительный орган, осуществляющий руководство в сфере железнодорожного транспорта;

      5) Национальный оператор инфраструктуры – юридическое лицо, контрольный пакет акций которого принадлежит национальному управляющему холдингу или Национальной железнодорожной компании, осуществляющее эксплуатацию, содержание, модернизацию, строительство магистральной железнодорожной сети и оказывающее услуги магистральной железнодорожной сети, а также осуществляющее первоочередное обеспечение воинских перевозок;

      6) договор – договор на долгосрочное субсидирование расходов перевозчика, связанных с осуществлением перевозок пассажиров по социально значимым сообщениям, заключенный между уполномоченным, местными исполнительными органами и перевозчиком.";

      пункт 14 изложить в следующей редакции:

      "14. Субсидирование осуществляется в рамках двухуровневой системы государственной поддержки, включающей:

      1) первый уровень – регистраторская система, интегрированная с системами второго уровня, содержащая эталонный электронный реестр заявок получателей мер государственной поддержки частного предпринимательства, где посредством окончательного постформатно-логического контроля определяется соответствие получателя мер государственной поддержки частного предпринимательства базовым требованиям, определяемых в рамках Правил проведения мониторинга;

      2) второй уровень – отраслевая государственная цифровая система, посредством которого осуществляется прием заявок от получателей мер государственной поддержки частного предпринимательства, их обработка с применением форматно-логического контроля и передача обработанных заявок на первый уровень.

      Цифровая система второго уровня обеспечивает получение согласия от получателей мер государственной поддержки частного предпринимательства на использование сведений, составляющих охраняемую законом тайну, а также на сбор, обработку, хранение, выгрузку и использование персональных данных регистратором.".

      2. Комитету железнодорожного и водного транспорта Министерства транспорта Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства транспорта Республики Казахстан после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра транспорта Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Исполняющий обязанности
Министра транспорта Республики Казахстан
М. Калиакпаров

      "СОГЛАСОВАН"

      Министерство искусственного интеллекта

      и цифрового развития

      Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"

      Министерство финансов

      Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"

      Министерство национальной экономики

      Республики Казахстан

"Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 166 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2026 жылғы 16 қыркүйектегі № 255 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 17 қыркүйекте № 39901 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 166 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11540 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы қағидаларда мынадай қысқартулар мен терминдер пайдаланылады:

      1) бірінші деңгейдегі жүйе – жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын алушылардың өтінімдерінің эталондық электрондық тізілімін қамтитын мемлекеттік қолдау шараларының екінші деңгейдегі жүйелерімен интеграцияланған тіркеу жүйесі, мұнда түпкілікті форматтан кейінгі-логикалық бақылау арқылы жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын алушының Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 29 мамырдағы № 497 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38840 болып тіркелген) Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларына және оларды алушыларға мониторинг жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Мониторинг жүргізу қағидалары) шеңберінде айқындайтын базалық талаптарға сәйкестігі айқындалады;

      2) екінші деңгейдегі жүйе – жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын алушылардан өтінімдерді қабылдау, оларды форматтық-логикалық бақылауды қолдана отырып өңдеу және өңделген өтінімдерді бірінші деңгейдегі жүйеге беру олар арқылы жүзеге асырылатын екінші деңгейдегі мемлекеттік цифрлық жүйе;

      3) мемлекеттік орган – табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар салаларында басшылықты жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;

      4) уәкілетті орган – теміржол көлігі саласында басшылық ететін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады;

      5) Ұлттық инфрақұрылым операторы – акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқару холдингке немесе Ұлттық теміржол компаниясына тиесілі, магистральдық теміржол желісін пайдалануды, күтіп-ұстауды, жаңғыртуды, салуды жүзеге асыратын және магистральдық теміржол желісі қызметтерін көрсететін, сондай-ақ әскери тасымалдарды бірінші кезекте қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      6) шарт – уәкілетті орган, жергілікті атқарушы органдар және тасымалдаушы арасында жасалған, әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының шығындарын ұзақ мерзімді субсидиялау туралы шарт.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Субсидиялау мыналарды қамтитын мемлекеттік қолдаудың екі деңгейлі жүйесі шеңберінде жүзеге асырылады:

      1) бірінші деңгей – екінші деңгейдегі жүйелермен интеграцияланған, жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын алушылар өтінімдерінің эталондық электрондық тізілімін қамтитын тіркеуші жүйе, онда Мониторинг жүргізу қағидалары шеңберінде айқындалатын базалық талаптарға жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын алушының сәйкестігі соңғы форматты-логикалық бақылау арқылы айқындалады;

      2) екінші деңгей – жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын алушылардан өтінімдерді қабылдау, оларды форматты-логикалық бақылауды қолдана отырып өңдеу және өңделген өтінімдерді бірінші деңгейге беру жүзеге асырылатын салалық мемлекеттік цифрлық жүйе.

      Екінші деңгейдегі цифрлық жүйе жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын алушылардан заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ тіркеушінің дербес деректерді жинауына, өңдеуіне, сақтауына, түсіруіне және пайдалануына келісімін алуды қамтамасыз етеді.".

      2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің міндетін атқарушы
М. Калиакпаров

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі