О внесении изменения в решение Аксуского городского маслихата от 28 марта 2024 года № 119/18 "Об утверждении Правил и размера оказания жилищной помощи по городу Аксу"

Решение Аксуского городского маслихата Павлодарской области от 27 августа 2026 года № 291/53. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 31 августа 2026 года № 39744

      Аксуский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Аксуского городского маслихата от 28 марта 2024 года № 119/18 "Об утверждении Правил и размера оказания жилищной помощи по городу Аксу" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 7531-14) следующее изменение:

      Правила и размер оказания жилищной помощи по городу Аксу, утвержденные указанным решением изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему решению.

      2. Государственному учреждению "Аппарат маслихата города Аксу" в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего решения в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего решения на интернет-ресурсе государственного учреждения "Аппарат маслихата города Аксу" после его офицального опубликования.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Аксуского городского маслихата М. Омаргалиев

  Приложение
к решению Аксуского
городского маслихата
от 27 августа 2026 года
№ 291/53
  Приложение 1
к решению Аксуского
городского маслихата от
28 марта 2024 года
№ 119/18

Правила и размер оказания жилищной
помощи по городу Аксу

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) разработаны в соответствии с пунктом 5 статьи 97 Закона Республики Казахстан "О жилищных отношениях" (далее - Закон) и приказом Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 8 декабря 2023 года № 117 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи" (далее - Правила) и определяют размер и порядок оказания жилищной помощи по городу Аксу.

      2. Основные термины и понятия, которые используются в настоящих Правилах:

      1) Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее – Государственная корпорация) – юридическое лицо, созданное по решению Правительства Республики Казахстан для оказания государственных услуг в соответствии с законодательством Республики Казахстан, организации работы по приему заявлений на оказание государственных услуг и выдаче их результатов услугополучателю по принципу "одного окна", обеспечения оказания государственных услуг в электронной форме;

      2) жилищная помощь – выплата из местного бюджета, предоставляемая малообеспеченным семьям (гражданам) для компенсации разницы между расходами на содержание единственного жилища либо его части, находящегося в собственности или полученного из государственного жилищного фонда, или арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, и предельно допустимым уровнем расходов малообеспеченных семей (граждан) на эти цели, установленным местными представительными органами, в порядке, определенном Законом;

      3) малообеспеченные семьи (граждане) – лица, которые в соответствии с жилищным законодательством Республики Казахстан имеют право на получение жилищной помощи;

      4) совокупный доход малообеспеченной семьи (граждан) – сумма видов доходов, учитываемых при назначении жилищной помощи;

      5) предельно допустимый уровень расходов – отношение предельно-допустимого уровня расходов малообеспеченной семьи (граждан) в месяц на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе на капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума, потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, к совокупному доходу малообеспеченной семьи (граждан) в процентах;

      6) веб-портал "цифрового правительства" – цифровая система, представляющая собой единое окно доступа ко всей консолидированной правительственной информации, включая нормативную правовую базу, и к государственным услугам, услугам по выдаче технических условий на подключение к сетям субъектов естественных монополий и услугам субъектов квазигосударственного сектора, оказываемым в электронной форме.

      3. Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума, потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, и предельно допустимым уровнем расходов малообеспеченных семей (граждан) на эти цели.

      Предельно допустимый уровень расходов к совокупному доходу малообеспеченой семьи (гражданина) установлен в размере пяти (5) процентов.

      4. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета, малообеспеченным семьям (гражданам) постоянно зарегистрированным и проживающим в городе Аксу в жилище, которое находится на праве собственности как единственное жилище на территории Республики Казахстан, а также нанимателям (поднанимателям) жилища из государственного жилищного фонда и жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, на оплату:

      текущих и накопительных взносов;

      потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций;

      расходов за пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.

      Расходы малообеспеченных семей (граждан), принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.

      5. Назначение жилищной помощи (далее - государственная услуга) малообеспеченным семьям (гражданам) оказывается государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ города Аксу" (далее –услугодатель).

Глава 2. Размер оказания жилищной помощи

      6. Размер жилищной помощи рассчитывается услугодателем, в пределах норм в соответствии с пунктом 4-1 Правил.

      7. Совокупный доход малообеспеченной семьи (гражданина) исчисляется услугодателем за квартал, предшествовавший кварталу обращения за назначением жилищной помощи, в порядке, определяемом пунктами 19 - 48 Правил.

      8. Исчисление совокупного дохода не производится при представлении семьей заведомо ложной информации и (или) недостоверных документов.

      При представлении семьей заведомо ложной информации и (или) недостоверных документов, повлекших за собой незаконное назначение жилищной помощи, заявителю и его семье выплата жилищной помощи прекращается на весь период ее назначения.

      9. Выплата компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникации социально защищаемым гражданам осуществляется в соответствии с приказом Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 28 июля 2023 года № 295/НҚ "Об определении размера и утверждении Правил компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 33200).

      10. Услугополучатель (либо его представитель в силу полномочия, основанного на доверенности, законодательстве, решении суда либо административном акте) обращается за назначением жилищной помощи один раз в квартал в Государственную корпорацию или веб-портал "цифрового правительства".

Глава 3. Порядок назначения жилищной помощи

      11. Порядок назначения жилищной помощи определен пунктами 6 - 18 Правил.

      12. Финансирование расходов на предоставление жилищной помощи осуществляется в пределах средств, предусмотренных бюджетом города Аксу на текущий финансовый год.

"Ақсу қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің Қағидалары мен мөлшерін айқындау туралы" Ақсу қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 119/18 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2026 жылғы 27 тамыздағы № 291/53 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 31 тамызда № 39744 болып тіркелді

      Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Ақсу қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің Қағидалары мен мөлшерін айқындау туралы" Ақсу қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 119/18 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7531-14 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Ақсу қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің Қағидалары мен мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редақцияда жазылсын.

      2. "Ақсу қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешім Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін оны "Ақсу қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақсу қалалық мәслихатының төрағасы М. Омаргалиев

  Ақсу қалалық
мәслихатының 2026 жылғы
27 тамыздағы № 291/53
шешімге қосымша
  Ақсу қалалық
мәслихатының 2024 жылғы
28 наурыздағы № 119/18
шешіміне 1-қосымша

Ақсу қаласы бойынша тұрғын үй көмегін
көрсетудің Қағидалары мен мөлшері

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидалары "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі-Заң) 97-бабының 5-тармағына және "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығына сәйкес әзірленді және Ақсу қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айкындайды.

      2. Осы Қағидарларда пайдаланатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      2) тұрғын үй көмегі – аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) меншіктегі немесе мемлекеттік тұрғын үй қорынан алынған немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған жалғыз тұрғынжайды не оның бір бөлігін күтіп-ұстауға арналған шығыстар мен осы Заңда айқындалған тәртіппен жергілікті өкілді органдар осы мақсаттарға белгілеген аз қамтылған отбасылар (азаматтар) шығыстарының шекті жол берілетін деңгейі арасындағы айырманы өтеу үшін жергілікті бюджеттен берілетін төлем;

      3) аз қамтылған отбасылар (азаматтар) – Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар;

      4) аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысы – тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде ескерілетін кіріс түрлерінің сомасы;

      5) шекті жол берілетін шығыстар – аз қамтылған отбасының (азаматтың) бір айда кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдалануға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық кірісіне проценттік қатынасы;

      6) "цифирлық үкіметтің" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын цифрлық жүйе.

      3. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

      Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық кірісіне шығыстарының шекті жол берілетін деңгейі бес (5) процент мөлшерінде айқындалды.

      4. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен жалғыз тұрғынжай ретінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрған тұрғынжайда Ақсу қаласында тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азамттарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      ағымдағы және жинақтау жарналарын;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.

      5. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындау (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырады.

2-тарау. Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері

      6. Тұрғын үй көмегінің мөлшерін көрсетілетін қызметті беруші Қағидалардың 4-1 тармағына сәйкес нормалар шегінде есептейді.

      7. Аз қамтылған отбасының (азаматтардың) жиынтық табысын көрсетілетін қызметті беруші тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанға Қағидалардың 19 - 48 тармақтарында айқындалған тәртіппен есептейді.

      8. Отбасы көрінеу жалған ақпарат және (немесе) дәйексіз құжаттар ұсынған жағдайда жиынтық кірісті есептеу жүргізілмейді.

      Отбасы тұрғын үй көмегін заңсыз тағайындауға алып келген көрінеу жалған ақпарат және (немесе) дәйексіз құжаттар берген кезде өтініш беруші мен оның отбасына атаулы әлеуметтік көмек төлеу оның тағайындалған бүкіл кезеңі үшін тоқтатылады.

      9. "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу қағидаларын айқындау және бекіту туралы" Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 295/НҚ бұйрығына сәйкес әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлемі жүзеге асырылады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген).

      10. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенiмхатқа, заңдарға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк құжатқа негiзделген өкiлi) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға немесе "цифрлық үкімет" веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.

3-тарау. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі

      11. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі Ереженің 6 - 18 пунктерінде айқындлған.

      12. Тұрғын үй көмегін көрсетуге жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру Ақсу қаласының бюджетіндн көзделген, ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.