Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40-бабы 2-тармағына және "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаржы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаржы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) жоғарыда көрсетілген Ережені заңнамада белгіленген тәртіппен әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалына ресми жариялау үшін және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жолдауды;
3) Осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Солтүстік Қазақстан облысының әкімі | Қ. Ақсақалов |
| Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің | |
| 2022 жылғы "01" шілдедегі | |
| № 155 қаулысымен | |
| бекітілді |
"Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi туралы ЕРЕЖЕ
Петропавл қаласы, 2026 жыл
Ескерту. Ереже жаңа редакцияда – Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 25.08.2026 № 232 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрі – Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасы) Солтүстік Қазақстан облысының аумағында облыстық бюджетті атқару саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасының ведомстволары жоқ.
3. Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасы өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаржы басқармасы мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, рәміздері мен айырым белгілері (болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген мөрлері, атауы қазақ және орыс тілінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасы азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаржы басқармасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
7. Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасы өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiпте Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасы басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
8. Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасының құрылымы мен штат санының лимитi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекiтiледi.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: 150011, Солтүстiк Қазақстан облысы Петропавл қаласы Қазақстан Конституциясы көшесi, 58.
10. Осы ереже Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасының құрылтай құжаты болып табылады.
11. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаржы басқармасының қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасына кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасының өкілеттіктері болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасына заңдармен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiс егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттiк бюджетке жiберiледi.
2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері
13. Міндеттері:
1) жергілікті бюджетті атқару саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) бюджет есебін жүргізу және жергілікті бюджетті атқару жөнінде қаржы және бюджет есебін жасау;
3) құзырет шегінде мүдделі тұлғаларды толық және расталған ақпаратпен қамтамасыз ету.
14. Өкілеттіктері:
құқықтары:
1) мемлекеттік органдармен, лауазымды адамдармен, ұйымдармен және азаматтармен келісім бойынша белгіленген тәртіпте Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаржы басқармасының алдына қойылған міндеттерді орындауға байланысты мәселелер бойынша ақпарат сұратып, алады;
міндеттері:
1) облыс әкімдігі мен әкіміне қарауға дамудың негізгі бағыттары, бюджетті атқару саласындағы мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар енгізеді;
2) өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасайды;
3) мемлекеттік орган қызметінің ашықтығы мен анықтығы, оның ішінде "Ашық дерек", "Ашық бюджет", "Ашық НҚА" порталдарын толықтыру және сүйемелдеу жұмысын жүзеге асырады.
15. Функциялары:
1) өз құзыреті шегiнде облыс әкiмінiң және әкiмдiгiнiң нормативтiк құқықтық және құқықтық актiлерiнің жобаларын әзiрлеу және дайындау;
2) мемлекеттiк қызмет туралы заңнама ережелеріне сәйкес кадрларды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асыру;
3) облыстық бюджет және басқарма құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша баяндамалар, түсіндірме жазбалар, ақпараттық-аналитикалық материалдар және анықтамалар дайындау;
4) Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіндегі салымдарға (депозиттерге) уақытша бос бюджет ақшасын орналастыру рәсімін жүзеге асыру;
5) міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларын, облыстық бюджеттің төлемі бойынша түсім мен қаржыландырудың жиынтық жоспарларын жасау, бекіту және жүргізу, оларға өзгерістер енгізу;
6) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ұсынған мемлекеттік мекемелердегі өз иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден мемлекеттік мекемелер алатын ақша түсімі мен шығысының жиынтық жоспарларын келісу;
7) республикалық және облыстық бюджет қаражаты есебінен берілген бюджет кредитін беру, қызмет көрсету, оларды есептеуді, мониторинг жасауды және қайтаруды қамтамасыз ету;
8) Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасын күтіп-ұстау қызметін қамтамасыз ету;
9) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес бюджет және шоғырландырылған қаржы есебін жасау және беру;
10) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қазынашылық органдарында мемлекеттік мекемелердің атауын өзгерту жөніндегі өтінішхаттарын қарау және белгіленген нысанда өтінім дайындау;
11) бірыңғай бюджеттік сыныптамаға сәйкес әкімшілік ететін түсім коды бойынша артық (қате) төленген түсім сомасын бюджеттен қайтаруды және (немесе) облыстық бюджетке аударуды қамтамасыз ету;
12) облыстық мәслихаттың шешімімен тиісті қаржы жылына бекітілген сома шегінде облыстық бюджеттен төмен тұрған бюджеттерге берілетін бюджеттік субвенция бойынша қаржыландыру жоспарларын жүргізу;
13) республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттің пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған), соның ішінде бюджет заңнамасында белгіленген тәртіпте нысаналы белгіленуі бойынша пайдаланылмаған соманы қайтару;
14) жергілікті атқарушы органның резервінен қаражат бөлу жөніндегі өтінішхаттарды қарау және қорытынды беру;
15) бюджет мониторингі;
16) Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасының бюджеттік бағдарламаларын әзірлеу және бюджеттік бағдарламаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
17) мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару;
18) жергілікті бюджеттің атқарылуы жөніндегі бюджет есебін жүргізу.
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасына басшылық етуді Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасына жүктелген мiндеттердiң орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.
17. Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасының бiрiншi басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
18. Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасының бiрiншi басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
19. Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасының бiрiншi басшысының өкiлеттiктерi:
1) басшы орынбасарларының, құрылымдық бөлiмше басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн айқындайды;
2) Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасының қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады;
3) Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасының қызметкерлерiн көтермелеу мәселесiн шешедi және тәртiптiк жаза қолданады;
4) Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасының бұйрықтарына қол қояды, сондай-ақ Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасының қызметкерлерi мiндеттi түрде орындайтын нұсқаулар бередi;
5) мемлекеттiк органдарда, өзге де ұйымдарда Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасын білдіреді;
6) Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасында Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын қамтамасыз етедi;
7) Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасы қызметкерлерiнiң сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауына дербес жауапты болады;
8) ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдігі туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етеді.
Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасының бiрiншi басшысы болмаған кезде қолданыстағы заңнамаға сәйкес оның өкiлеттiктерiн оны алмастыратын адам атқарады.
20. Бiрiншi басшы қолданыстағы заңнамаға сәйкес орынбасарларының өкiлеттiктерiн айқындайды.
4-тарау. Мемлекеттiк органның мүлкi
21. Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасының заңнамада көзделген жағдайда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.
Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасының мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстi қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
22. Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасына бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше белгiленбесе, Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасының өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне берiлген қаражат есебiнен сатып алған мүлiктi өз еркiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзге де тәсiлмен иелiк етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату
24. Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.