"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 704 Жарлығымен бекітілген Мәслихаттың үлгі регламентінің 79-тармағына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес "Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылсын.
3. Осы шешім қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы | Д. Рыпаков |
| Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 20 қыркүйектегі № 16/125-VІІІ шешіміне 1-қосымша |
"Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 27.08.2026 № 30/259-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мәслихат аппараты) Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының қызметін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Мәслихат аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Мәслихат аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген, атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі, атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
4. Мәслихат аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
5. Мәслихат аппараты Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
6. Мәслихат аппараты өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мәслихат аппараты басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Мәслихат аппаратының құрылымы және штат санының лимиті "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 070000, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі, 40.
9. Осы ереже мәслихат аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.
10. Мәслихат аппаратының қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
11. Мәслихат аппаратына кәсіпкерлік субъектілерімен мәслихат аппаратының өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынасқа түсуіне тыйым салынады.
Егер мәслихат аппаратына заңдармен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары, функциялары мен өкілеттіктері
12. Мақсаттары:
Қазақстан Республикасының заңдарында қарастырылған құзыреттер шегінде, жергілікті мемлекеттік басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру үшін облыстық мәслихаттың қызметін қамтамасыз ету.
13. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің лауазымды тұлғаларынан, мемлекеттік және өзге де ұйымдардан өз міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті ақпараттарды сұрау және алу;
мәслихат депутаттарынан олардың қызметі мәселелері бойынша мәліметтер, ақпараттар сұрау;
мәслихаттың қарауына өз қызметі барысында туындайтын ұсыныстарды енгізу;
мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің және өзге де ұйымдардың қызметкерлерін мәслихат сессиясы мен тұрақты комиссияларының қарауына енгізілетін мәселелерді дайындауға қатыстыру;
мемлекеттік органдарға, қоғамдық бірлестіктерге, өзге де ұйымдарға қарау үшін депутаттық сауалдар, азаматтардың ұсыныстары мен өтініштерін жолдау;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
2) міндеттері:
Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес, жүктелген функциялардың орындалуын қамтамасыз ету.
14. Функциялары:
жергілікті мемлекеттік басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру үшін мәслихатты нормативтік құқықтық қамтамасыз етуді реттеу;
облыстық мәслихат қызметінде заңдылықтың сақталуын бақылау;
мәслихат қызметіне қатысты талдау ақпаратын және өзге де ақпаратты, материалдарды дайындау;
мәслихаттың мемлекеттік функцияларын іске асыруға бағытталған облыстық мәслихат актілерін әзірлеуге қатысу;
мәслихаттың нормативтік құқықтық шешімдерін Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған жағдайларда әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге жолдау және оларға құқықтық мониторинг жүргізу;
облыстық мәслихаттың және оның тұрақты (уақытша) комиссияларының актілерінің орындалуына бақылауды жүзеге асыру;
жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
сот және өзге де құқық қорғау органдарында облыстық мәслихаттың және мәслихат аппаратының мүддесін білдіру және қорғау;
Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметшілерді тағылымдамадан өткізуді, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес мәслихат депутаттарының және мәслихат аппараты мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін арттыруға шығыстарды жоспарлау;
мәслихат сессияларын дайындап өткізу жөніндегі ұйымдастыру-техникалық іс-шараларды жүзеге асыру;
мәслихат депутаттарына өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға, азаматтар қабылдауын, есептер және сайлаушылармен кездесулер ұйымдастыруға іс жүзінде көмек пен жәрдем көрсету, оларды қажетті анықтамалық материалдармен қамтамасыз ету, мәслихатқа түсетін ақпараттарды жинақтау;
сессиялардың пленарлық отырыстарына, тұрақты (уақытша) комиссиялардың отырыстарына қатысу және мәслихат шешімдерінің жобаларын, тұрақты комиссияларының қаулыларын және уақытша комиссияларының қорытындыларын сапалы дайындау мәселелерінде депутаттарға көмек көрсету;
мәслихат Регламентіне сәйкес сессиялардың, тұрақты комиссиялар отырыстарының хаттамаларын, шешімдердің жинақтарын ресімдеу;
мәслихат қызметінің мәселелері бойынша баяндамалар, шешімдер жобаларын, анықтамалар мен басқа да құжаттарды дайындауды ұйымдастыру;
мәслихат актілері мен құжаттаманы ресімдеуді, сақтауды және архивке тапсыруды қамтамасыз ету;
іс қағаздарын жүргізу және мәслихат аппаратына түсетін хат-хабарларды өңдеу, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі талаптарына сәйкес ақпаратпен алмасуды қамтамасыз ету;
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
аппараттың ұйымдастыру қызметі мәселелері бойынша келіп түскен петицияны Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен қарау.
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
15. Мәслихат аппаратын басқаруды мәслихат аппаратының басшысы жүзеге асырады, ол мәслихат аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
16. Мәслихат аппаратының басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
17. Мәслихат аппараты басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары болады.
18. Мәслихат аппараты басшысының өкілеттіктері:
1) мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды;
2) өз құзыреті шегінде аппараттың қызметін ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
3) мәслихат аппаратының "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерін мемлекеттік лауазымдарға тағайындайды және мемлекеттік лауазымдардан босатады;
4) мәслихат аппаратының тәртіптік және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
5) қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
6) мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілерін іссапарға жіберу, оларға демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру, көтермелеу, оларға үстемеақылар белгілеу мәселелерін шешеді;
7) мәслихат аппараты мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;
8) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;
9) мәслихат сессияларын, мәслихаттың тұрақты және уақытша комиссияларының отырыстарын ұйымдастырады;
10) мәслихат шешімдерінің жобаларын, мәслихат депутаттарын іссапарға жіберу жөніндегі және мәслихат төрағасы немесе мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы болмаған жағдайда міндеттерді жүктеу жөніндегі бұйрықтарды дайындайды;
11) депутаттардың біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;
12) аппарат басшысына жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
19. Мәслихат аппараты басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
20. Мәслихат аппаратының заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Мәслихат аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
21. Мәслихат аппаратына бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мәслихат аппаратының өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
23. Мәслихат аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
| Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 20 қыркүйектегі № 16/125-VІІІ шешіміне 2-қосымша |
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының күші жойылуға жататын шешімдерінің тізбесі
1. "Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" 2001 жылғы 28 қыркүйектегі № 11/9-ІІ шешімге толықтыру енгізу туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2010 жылғы 9 сәуірдегі № 20/260-ІV шешімі.
2. "Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" 2001 жылғы 28 қыркүйектегі № 11/9-ІІ шешімге өзгеріс енгізу туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2010 жылғы 20 шілдедегі № 22/281-ІV шешімі.
3. "Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2001 жылғы 28 қыркүйектегі № 11/9-ІІ шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 1 қазандағы № 8/73-VІІ шешімі.
4. "Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2001 жылғы 28 қыркүйектегі № 11/9-ІІ шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 14 желтоқсандағы № 21/205-VІІ шешімі.
