2026 жылға Көкшетау қаласында кондоминиум объектісін басқаруға және жалпы мүлікті күтіп-ұстауға арналған ең төмен шығыстар мөлшерін бекіту туралы

Жаңартылған

Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2025 жылғы 28 қарашадағы № С-26/10 шешімі.

      Ескерту. 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі – осы шешімнің 3-тармағымен.

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-3 бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 30 наурыздағы № 166 бұйрығының 1-тараудың 4-тармағына сәйкес "Кондоминиум объектісін басқаруға арналған шығыстардың жылдық сметасын есептеу әдістемесін, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төмен мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылғы 2 сәуірде №20284 болып тіркелген) қаулысына сәйкес, Көкшетау қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Көкшетау қаласы бойынша 2026 жылға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төменгі мөлшері ай сайын 1 (бір) шаршы метр үшін 72,23 теңге мөлшерінде бекітілсін, бұл тиісті қаржы жылына арналған "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 0,0167 бөлігін құрайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 08.06.2026 № С-34/6 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      2. Алынып тасталды – Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 08.06.2026 № С-34/6 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      3. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Көкшетау қаласы мәслихатының төрағасы Д.Әкімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады