Ескерту. 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі – осы шешімнің 8-тармағымен.
"Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 85 бабына, 94 бабының 2 тармағына, 96 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, Қосшы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақмола облысы Қосшы қаласы мәслихатының 21.05.2026 № 243/61-8 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.1. 2026–2028 жылдарға арналған қалалық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3–қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 12 134 071,1 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 6 383 337,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 60 000,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 2 057 761,0 мың теңге;
трансферттер түсімі – 3 632 973,1 мың теңге;
2) шығындар – 9 638 302,6 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 25 950,0 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 25 950,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 1 048,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 0,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – 2 469 818,5 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – - 2 469 818,5 мың теңге.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Қосшы қаласы мәслихатының 21.05.2026 № 243/61-8 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.2. Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 26 бабының 1 тармағына сәйкес кірістерді бөлу нормативтері келесі мөлшерінде белгіленді:
1) ірі кәсіпкерлік субъектілері мен мұнай секторы ұйымдарынан Қосшы қаласының бюджетіне түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы бойынша – 100%;
2) Қосшы қаласының бюджетіне төлем көзінен салық салынатын табыстардан алынатын жеке табыс салығы бойынша – 100%;
3) облыстық бюджетке әлеуметтік салық бойынша – 100%.
3. Қалалық бюджет шығындарында 90 622,0 мың теңге сомасында кент, ауылдық округ бюджетіне бюджеттік субвенциялар қарастырылғаны ескерілсін, соның ішінде:
Тайтөбе ауылына 90 622,0 мың теңге сомасында.
4. Қалалық бюджет шығыстарының құрамында облыстық бюджетке 525 599,0 мың теңге сомасында бюджеттік алулар көзделгені ескерілсін.
5. 2026 жылға 140 616,0 мың теңге сомасында қаланың жергілікті атқарушы органның резерві бекітілсін.
6. 2026 жылға арналған қалалық бюджет шығындарында облыстық бюджеттерден кредиттер бойынша 436 729,0 мың теңге сомасында сыйақылар төлеу ескерілсін, оның ішінде:
ішкі қарыздар есебінен кредиттік тұрғын үй салуға 25 714,0 мың теңге сомасында;
ішкі қарыздар есебінен кредиттік тұрғын үй сатып алуға 410 897,0 мың теңге сомасында;
республикалық бюджеттен берілетін кредиттер