Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2020 жылғы 1 шілдедегі № 148 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4665 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінде:
реттік нөмірлері 155, 356, 358, 362, 363, 369, 382, 386, 497 жолдар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 61-6, 61-7, 61-7, 61-9, 61-9, 61-9 жолдармен толықтырылсын:
"
61-6. | Аққала 1 Төрткүлі (ортағасыр) | археология |
Кеңес ауылының оңтүстігінен 3,5 шақырым жерде Кеңес су қоймасының сол жағалауында орналасқан. |
61-7. | Аққала 2 Төрткүлі (ортағасыр) | археология |
Кеңес ауылының оңтүстігінен 3,5 шақырым жерде Кеңес су қоймасының оң жағалауында орналасқан. |
61-8. |
Оба | археология | Тараз-Ақшолақ тас жолынан 1,7 шақырым оңтүстік бағытта, әскери базаның оңтүстік шетінде орналасқан. Географиялық координаттары: 42 T 715569 4762974 |
61-9. |
Оба | археология |
Базарбай ауылының оңтүстік-батысында 1,5 шақырым қашықтықта, ауылға барар жолдың оң жақ бойында, егістік алқабының ортаңғы бөлігінде орналасқан. |
61-10. |
Төрткүл | археология | Тегістік ауылының солтүстік-батыс жағында 14 шақырым қашықтықта орналасқан. Географиялық координаттары: 42 Т 686752 4809769 |
61-11. | Арна төрткүлі (ортағасыр) | археология |
Тегістік ауылынан солтүстік-батысқа қарай 6 шақырым жерде жазық алқапта орналасқан. |
";
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 141-1, 141-2, 141-2, 141-4, 141-5, 141-6 жолдармен толықтырылсын:
"
";
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 200-1, 200-2, 200-3 жолдармен толықтырылсын:
"
";
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 311-1, 311-2 жолдармен толықтырылсын:
"
311-1. |
Ыстөбе обасы | археология |
Ауқатты ауылының солтүстік-батысында 5,4 шақырым жерде орналасқан. |
311-2. |
Тоспалы жартас суреттері | археология |
1-ші Күнбатыс ауылының солтүстігінде 3,5 шақырым жерде, Батыс Жіңішке өзенінің оң жағалауында орналасқан. |
";
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 384-1, 384-2, 384-3 жолдармен толықтырылсын:
"
";
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 407-1, 407-2, 407-3, 407-4 жолдармен толықтырылсын:
"
407-1. | археология | Ұланбел ауылынан 3 шақырым жерде орналасқан. Географиялық координаттары: 42 T 664993 4964289 | |
407-2. |
Орта-Ақтөбе қалажұрты | археология | Мойынқұм ауылынан шығысқа қарай 12 шақырым қашықтықта, "Үлкен Ақтөбе" қалажұртынан солтүстік батысқа қарай 6,5 шақырым жерде орналасқан. Географиялық координаттары: 43 T 353173 4906524 |
407-3. |
Жазық төрткүлі | археология |
Жамбыл ауылынан солтүстік-шығыста 9 шақырым жерде, Шу өзенінің оң жағалауындағы ескі арнаның бойында орналасқан. |
407-4. |
Құралай сұлу кесенесі | қала құрылысы және сәулет |
Кіші Қамқалы ауылының оңтүстік-шығысында 8 шақырым жерде орналасқан. |
";
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 447-1, 447-2, 447-3, 447-4 жолдармен толықтырылсын:
"
";
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 506-1 жолмен толықтырылсын:
"
506-1. |
Бөлтірік шешен кесенесі | қала құрылсы және сәулет | Сейілбек ауылынан 1 шақырым солтүстік-шығыста, Қарақожа мешітінің қасындағы биік емес төбенің үстінде орналасқан. Географиялық координаттары: 42 T 660957 4856996 |
";
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 718, 719, 720, 721, 722, 723, 723, 725 жолдармен толықтырылсын:
"
718. |
Бауыржан Момышұлы бюсті | монументтік өнер құрылысы |
Тараз қаласы, "Самал" мөлтек ауданы, Б.Момышұлы атындағы №45 қазақ қлассикалық гимназиясының ауласында орналасқан. |
719. |
Қайрат Рысқұлбеков ескерткіші | монументтік өнер құрылысы | Тараз қаласы, Қ.Рысқұлбеков атындағы саябағының аумағында орналасқан. Географиялық координаттары: 42°54'01.39"С 71° 22'11.78"В |
720. |
Шерхан Мұртаза ескерткіші | монументтік өнер құрылысы |
Тараз қаласы, Жамбыл даңғылы бойында Халықаралық Тараз инновациялық институты ғимаратының алдында орналасқан. |
721. |
Дінмұхамед Қонаев ескерткіші | монументтік өнер құрылысы | Тараз қаласы, Абай даңғылы мен Қонаев көшесінің қиылысында орналасқан. Географиялық координаттары: 42 T 694121 4751723 |
722. |
Баймырзаұлы Балуан Шолақ ескерткіші | монументтік өнер құрылысы |
Тараз қаласы, Тәуке хан көшесі №22, "Тараз-Арена" спорттық кешені ғимаратының алдында орналасқан. |
723. |
Ықылас Дүкенұлы ескерткіші | монументтік өнер құрылысы |
Тараз қаласы, Рахимов көшесі №55, Ы. Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйі ғимаратының алдында орналасқан. |
724. |
Асқар Тоқпанов ескерткіші | монументтік өнер құрылысы |
Тараз қаласы, Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры ғимаратының алдында орналасқан. |
725. |
Кенен Әзірбаев ескерткіші | монументтік өнер құрылысы |
Тараз қаласы, "Баласағұн" орталық концерт залы ғимаратының алдында орналасқан. |
".
2. "Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Жамбыл облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауын;
2) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін оның Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Жамбыл облысының әкімі | Е. Қарашөкеев |
Жобаны ұсынушы:
| Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы | Е. Жүнісбай |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрлігі