Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы" заңдарына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес "Алматы қаласы Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесі;
2) осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес "Алматы қаласы Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесі;
3) осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес бөлісу теңгерімі бекітілсін.
2. "Алматы қаласы Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасы" және "Алматы қаласы Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемелері (бұдан әрі – Мекемелер):
1) Мекемелерді Алматы қаласының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының 4 қосымшасына сәйкес Алматы қаласы әкімдігі қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Алматы қаласының әкімі | Д. Сатыбалды |
| Алматы қаласы әкімдігінің 2025 жылғы "__" _____________ № ______қаулысына 1 қосымша |
Ескерту. 1 қосымша жаңа редакцияда - Алматы қаласы әкімдігінің 13.08.2026 № 3/515 қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Алматы қаласы Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Алматы қаласы Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) жолаушылар тасымалы саласында басшылықты жүзеге асыратын жолаушылар тасымалы кәсіпорындарының қызметін үйлестіру, жол қозғалысын ұйымдастыру, сондай-ақ микромобильдікті дамыту салаларында қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Алматы қаласы мәслихатының шешімдеріне, Алматы қаласы әкімдігінің қаулыларына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Басқарма коммуналдық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
5. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
6. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 050001, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Республика алаңы, 4.
9. Мемлекеттік органның толық атауы:
мемлекеттік тілде: "Алматы қаласы Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: коммунальное государственное учреждение "Управление организации дорожного движения и пассажирского транспорта города Алматы".
10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
11. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.
12. Басқармаға өзінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субьектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Басқарманың міндеттері, функциялары және өкілеттіктері
13. Басқарманың міндеттері:
1) жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіру, көше-жол желісінің өткізу қабілетін арттыруды, көліктік жүктемені төмендетуді, көше-жол желісін пайдалану тиімділігін арттыруды және қаланың көлік жүйесінің орнықты жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
2) көліктік жоспарлауды жүзеге асыру, интеллектуалды көлік жүйелерін дамыту, көлік саласын цифрландыру, жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру саласында заманауи технологиялар мен әлемдік үздік тәжірибелерді енгізу;
3) жолаушылар мен багажды қоғамдық көлікпен тасымалдау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, сондай-ақ Басқарманың құзыреті шегінде аталған саладағы ұйымдардың қызметін үйлестіру;
4) Алматы қаласының көлік инфрақұрылымын дамыту;
5) жол қозғалысы қауіпсіздігінің деңгейін арттыру;
6) велосипед көлігін, электр самокаттарды, шағын электр көлігі құралдарын, каршерингті, таксиді және өзге де балама көлік түрлерін қоса алғанда, қалалық мобильділіктің балама құралдарын және тиісті инфрақұрылымды дамыту;
7) коммуналдық ақылы тұрақтар және тұрақ инфрақұрылымы жүйесін дамыту, коммуналдық ақылы тұрақтардың көрсетілетін қызметтеріне сұранысты қанағаттандыруды қамтамасыз ету;
8) тұрақ орындары мен тұрақтарда электромобильдерді зарядтауға арналған электр зарядтау станциялары инфрақұрылымын дамыту;
9) жеткізілген (эвакуацияланған) көлік құралдарын қабылдауға, есепке алуға және сақтауға арналған арнайы алаңдар мен тұрақтардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттер.
14. Басқарманың өкілеттіктері:
1) құқықтары:
1.1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан мемлекеттік құпияларды, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, қажетті мәліметтерді, ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұрату және алу;
1.2) Басқарманың қарамағындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің басшыларының немесе оларды алмастыратын адамдардың, басшы орынбасарларының есептерін тыңдау;
1.3) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша келіссөздер жүргізу;
1.4) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келмейтін келісімдер, меморандумдар жасасу;
1.5) Алматы қаласының әкіміне ұсыныстар енгізу;
1.6) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің, мемлекеттік, салалық және өңірлік бағдарламалардың, тұжырымдамалардың, стратегиялардың, мастер-жоспарлардың және мемлекеттік жоспарлаудың өзге де құжаттарының жобаларын әзірлеу және келісу қатысуға;
1.7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстарды, жобаларды және сараптамалық қорытындыларды дайындауға ғылыми ұйымдарды, сарапшыларды, консультанттарды, мамандарды және жұртшылық өкілдерін тарту;
1.8) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы комиссиялар, кеңестер, жұмыс топтары және басқа да консультативтік-кеңесші органдар құруды бастамашылық етуге не олардың қызметіне қатысу;
1.9) жолаушылар көлігі және жол қозғалысын ұйымдастыру саласындағы мамандармен конференциялар, семинарлар, оқытудың және тәжірибе алмасудың басқа да нысандарын ұйымдастыру;
1.10) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдарда, соттарда, ұйымдарда және халықаралық ұйымдарда Басқарманың мүдделерін білдіру;
1.11) Басқармаға бекітіп берілген мемлекеттік мүлікті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шектерде басқаруды жүзеге асыру;
1.12) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде берілген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру;
2) міндеттері:
2.1) Басқарманың құзыреті шегінде жолаушылар көлігі, жол қозғалысын ұйымдастыру, қалалық мобильділік, коммуналдық ақылы тұрақтар, көліктік жоспарлау және интеллектуалды көлік жүйелерін дамыту салаларындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыру;
2.2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз ету;
2.3) Басқарманың қызметін жүзеге асыру кезінде жеке және заңды тұлғалардың құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету;
2.4) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарау;
2.5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсіндірмелер беру;
2.6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың сапасын, қолжетімділігін, ашықтығын және цифрландырылуын арттыру жөнінде шаралар қабылдау;
2.7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен Басқарма қызметінің ашықтығын, оның қызметі туралы ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету;
2.8) Басқарманың өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде белгілі болған мемлекеттік, қызметтік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпия режимінің, сондай-ақ қолжетімділігі шектеулі ақпараттың сақталуын қамтамасыз ету;
2.9) Басқарманың қарамағындағы бюджет қаражатының, мемлекеттік мүліктің және өзге де ресурстардың тиімді, нысаналы және ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ету;
2.10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, тәуекелдерді басқару және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;
2.11) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
15. Басқарманың функциялары:
1) көлік инфрақұрылымын дамыту саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласында конкурстарды (не тікелей келіссөздерді) ұйымдастыру және өткізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарын жасасу;
2) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің, сондай-ақ өзге де құжаттардың жобаларын әзірлеу;
3) жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарының техникалық-экономикалық негіздемелерін, жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
4) көліктік жоспарлауды жүзеге асыру, Алматы қаласының көлік моделін әзірлеу, жүргізу және өзектендіру, аумақтық-көліктік жоспарлау құжаттарын, жол қозғалысын ұйымдастыру жобаларын, жобалау құжаттамасын әзірлеу және басқарушылық шешімдер қабылдау кезінде көліктік модельдеу жүргізу;
5) жол қозғалысын ұйымдастыру жобаларын әзірлеуді, келісуді, бекітуді, іске асырылуын мониторингтеуді және өзектендіруді ұйымдастыру;
6) Басқарманың не оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының қарамағындағы және мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын, жол қозғалысын ұйымдастыруға арналған көлік инфрақұрылымының объектілері мен кешендерін салу, реконструкциялау, реставрациялау, жаңғырту, сейсмикалық күшейту, күрделі жөндеу және абаттандыру кезінде тапсырыс беруші функцияларын жүзеге асыру;
7) жоспарланып отырған құрылыс салу, аумақтарды реконструкциялау және дамыту жобаларының жол-көлік инфрақұрылымының жай-күйі мен өткізу қабілетіне әсерін бағалауды жүзеге асыру;
8) қала құрылысы құжаттамасын келісу кезінде аумақтық-көліктік жоспарлау және жол қозғалысын ұйымдастыру жөніндегі бөлімнің болуын қамтамасыз ету;
9) автомобиль жолдарының авариялық-қауіпті орындары мен учаскелерін жою жөніндегі, оның ішінде жол қозғалысын ұйымдастыру схемаларын өзгерту арқылы іс-шараларды іске асыру жолымен көлік инфрақұрылымының қауіпсіз жұмыс істеуін, күтіп-ұсталуын және дамуын қамтамасыз ету;
10) жолдарда немесе жолдардың жекелеген учаскелерінде жол қозғалысын уақытша шектеу немесе оған тыйым салу, жол қозғалысын ұйымдастыруды өзгерту жөнінде шаралар қабылдау және бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халықты хабардар ету;
11) жолдарда (көшелерде) бұқаралық, спорттық және өзге де іс-шараларды өткізу схемалары мен маршруттарын келісу;
12) көлік және инженерлік инфрақұрылым объектілерін салу, реконструкциялау, күрделі және орташа жөндеу кезінде, сондай-ақ бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде жол қозғалысын ұйымдастырудың уақытша схемаларын келісу;
13) автомобиль жолдарында, көшелерде, олардың жекелеген учаскелерінде, көлік тораптарында және көше-жол желісінің өзге де элементтерінде көлік құралдары қозғалысының параметрлері (қозғалыс жылдамдығы, қарқындылығы, жүктелу деңгейі, қозғалыс аралықтары, жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарының орналасуы мен жай-күйі) туралы деректерді жинау, өңдеу, жинақтау және талдау арқылы жол қозғалысының мониторингін жүзеге асыру;
14) жол қозғалысын ұйымдастыру тиімділігінің мониторингін, кептелістердің, жол-көлік оқиғаларының туындау себептерін және көше-жол желісінің өткізу қабілетіне әсер ететін өзге де факторларды талдауды жүзеге асыру, сондай-ақ оларды жою жөнінде ұсыныстар дайындау;
15) көлік ағындарын, жолаушылар ағындарын, халықтың көліктік жылжымалылығын, көше-жол желісі мен маршруттық желінің жүктелу деңгейін талдауды жүзеге асыру, оларды оңтайландыру жөнінде ұсыныстар дайындау;
16) жол-көлік оқиғаларынан болатын шығындардың, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жұмсалатын бюджет шығындарының, сондай-ақ көше-жол желісіндегі авариялылықты төмендету жөнінде қабылданатын шаралардың тиімділігі мониторингін жүзеге асыру;
17) жол қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйесін, бағдаршам объектілерін және жол қозғалысын ұйымдастырудың өзге де техникалық құралдарын пайдалануды, мониторингтеуді, жаңғыртуды және дамытуды ұйымдастыру;
18) Басқарма қызметінің тиімділігін, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын, ашықтығын, жеделдігін және қолжетімділігін арттыру мақсатында бизнес-процестерді цифрландыру, жаңа технологияларды, жасанды интеллектіні, мобильді қосымшаларды және өзге де цифрлық шешімдерді енгізу және дамыту;
19) Алматы қаласының интеллектуалды көлік жүйелерін құруды, пайдалануды, сүйемелдеуді, жаңғыртуды және дамытуды ұйымдастыру;
20) интеллектуалды көлік жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге маманданған ұйымдарды құру;
21) қаланың көлік жүйесінің жұмыс істеуі туралы деректерді жинауды, өңдеуді, сақтауды, жүйелеуді және талдауды жүзеге асыру, жол қозғалысын ұйымдастыру саласындағы ақпараттық ресурстарды қалыптастыру және жүргізу;
22) Алматы қаласы көлік инфрақұрылымының цифрлық сервистерін, цифрлық платформаларын және цифрлық егіздерін дамыту және жетілдіру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;
23) Басқарманың құзыреті шегінде жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарының және көлік инфрақұрылымының өзге де объектілерінің тізілімін жүргізу;
24) көше-жол желісіне түсетін көліктік жүктемені төмендетуге, көлік инфрақұрылымын пайдалану тиімділігін арттыруға және қалалық мобильділікті орнықты дамытуға бағытталған көлікке сұранысты басқару жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;
25) маршруттық көлік құралдарының басым қозғалысын қамтамасыз ету, қоғамдық көлікке арналған бөлек бөлінген қозғалыс жолақтарын дамыту және қоғамдық көліктің жұмыс тиімділігін арттыру жөніндегі өзге де шаралар бойынша іс-шараларды ұйымдастыру;
26) Алматы қаласының жүк көлігі каркасын қалыптастыру, жүк көлігінің қозғалыс маршруттарын және оның аумақтық және (немесе) уақыттық өлшемшарттар бойынша қозғалысына шектеулерді белгілеу жөніндегі іс-шараларды әзірлеуді және іске асыруды ұйымдастыру;
27) көлік құралдарының кіруі шектелген аймақтарды, қоғамдық көліктің басым қозғалысы аймақтарын, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қозғалысы тынышталған аймақтарды және жол қозғалысын ұйымдастырудың ерекше жағдайлары бар өзге де аймақтарды қоса алғанда, жол қозғалысын ұйымдастырудың арнайы аймақтарын ұйымдастыру;
28) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, кәсіпорындармен және олардың лауазымды адамдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
29) мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын объектілер мен кешендерді салу, реконструкциялау, реставрациялау, жаңғырту, күрделі жөндеу, сейсмикалық күшейту және абаттандыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
30) Басқарманың қарамағындағы ұйымдарға қатысты олардың жарғыларына сәйкес мемлекеттік басқару органының функцияларын жүзеге асыру, оның ішінде даму жоспарларын, қаржылық есептілікті қарау, келісу және бекіту, сондай-ақ даму жоспарларының орындалуын, жұмыс істеуін және басқару тиімділігін мониторингтеу, талдау және бақылау, таза кірістің бір бөлігін бюджетке аудару нормативін әзірлеу, сондай-ақ таза кірістің бір бөлігінің бюджетке аударылуының толықтығы мен уақтылығын бақылау;
31) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларын жүзеге асыру;
32) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу, мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды жасасу, орындау, өзгерту және бұзу;
33) жол-көлік инфрақұрылымы және жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдары саласында жұмыстарды ұйымдастыру және бақылауды жүзеге асыру;
34) Басқарманың қарамағындағы ұйымдар жүзеге асыратын жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарын пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды үйлестіру және бақылауды жүзеге асыру;
35) жол жүрісі қағидаларының бұзушылықтарын фото- және бейнетіркеу жүйелерінің жұмыс істеуі мен дамуын үйлестіру және бақылауды жүзеге асыру;
36) интеллектуалды көлік жүйесін пайдалану және дамыту жөніндегі жұмыстарды үйлестіру және бақылауды жүзеге асыру;
37) Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың жол қозғалысын ұйымдастыру мәселелері бойынша техникалық сараптама жүргізуін және жобалық шешімдерді дайындауын үйлестіру және бақылауды жүзеге асыру;
38) жолаушылар көлігі саласында мемлекеттік қызметтерді ашықтық, қолжетімділік және есеп берушілік қағидаттарында көрсету;
39) қоғамдық көлікті диспетчерлендіруді үйлестіру және ұйымдастыру;
40) заңнамада көзделген мәселелер бойынша Алматы қаласы мәслихаты шешімдерінің жобаларын әзірлеу және оларды Алматы қаласы әкімдігінің қарауына енгізу;
41) тарифтердің есеп-қисаптарын әзірлеу;
42) қоғамдық көлік жүргізушілерінің, тасымалдаушылардың, жолаушылардың және жол жүру ақысын төлеу жүйесі операторының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын және шарттық міндеттемелерді сақтауы мәселелері бойынша мониторингті және көшпелі іс-шараларды ұйымдастыру;
43) қалалық іс-шараларға рейстік автобустармен қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
44) қалалық рельстік көлікпен әлеуметтік маңызы бар тұрақты жолаушылар тасымалдын ұйымдастыру;
45) жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық, қала маңындағы, қалааралық және облысаралық тасымалдауды ұйымдастыру, сондай-ақ оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар өткізу;
46) жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық, қала маңындағы, қалааралық және облысаралық автомобильмен тасымалдау маршруттарының тізілімін жүргізу;
47) жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық, қала маңындағы, қалааралық және облысаралық тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерін бекіту;
48) қалалық және қала маңындағы маршруттық көлікпен жолаушылар мен багажды әлеуметтік маңызы бар тасымалдауды жүзеге асыру кезінде тасымалдаушылардың залалдарын (шығыстарын) субсидиялау;
49) азаматтардың жекелеген санаттарына жеңілдікпен және тегін жол жүруді ұсыну арқылы әлеуметтік қолдау көрсетуді жүзеге асыру;
50) автовокзалдардың, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің тізілімін жүргізу;
51) автовокзалдардың, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің қызметі басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыру;
52) жолаушылар мен багажды тұрақты қалааралық облысаралық автомобильмен тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерін келісу;
53) жеңіл таксимен жолаушылар мен багажды тасымалдауды ұйымдастыру;
54) такси тасымалдаушысы ретіндегі қызмет басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыру;
55) такси тасымалдаушысы ретінде қызметті жүзеге асыратын адамдардың тізілімін жүргізу;
56) жалпы пайдаланылатын аумақтарда такси тұрақтарын ұйымдастыру және жабдықтау;
57) электрондық (цифрлық) тахографтарға арналған электрондық карточкаларды дайындау және беру жөніндегі қызмет басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыру;
58) тахографтарды орнату және оларға қызмет көрсету жөніндегі қызмет басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыру;
59) электрондық (цифрлық) тахографтарға арналған электрондық карточкаларды дайындау және беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын адамдардың тізілімін жүргізу;
60) қалалық мобильділіктің балама түрлерін дамыту жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
61) каршерингті, карпулингті (райдшерингті), велосипед көлігін, электр самокаттарды қоса алғанда, жеке мобильділік құралдарын және қалалық мобильділіктің өзге де балама түрлерін дамытуды нормативтік реттеу және ынталандыру жөнінде ұсыныстар дайындау;
62) велосипед инфрақұрылымының қауіпсіз жұмыс істеуін, күтіп-ұстауда және дамытуды қамтамасыз ету;
63) велосипед инфрақұрылымын келісу, жобалау және салу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
64) тұрақ орындары мен тұрақтарда электромобильдерді зарядтауға арналған электр зарядтау станциялары инфрақұрылымын дамыту жөнінде шаралар қабылдау;
65) коммуналдық ақылы тұрақтарды ( көлік орынданрын, паркингтерді, автотұрақ орындарын, паркингтердің) орналастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
66) паркингтер салу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
67) тротуар үлгісіндегі ақылы коммуналдық автотұрақтарды (автопаркингтерді) жабдықтау, абаттандыру, оларды пайдалану және пайдалану құқығын беру жөнінде конкурстар өткізу;
68) тұрақ кеңістігінің паспорттарын келісу;
69) автотұрақтардың (автопаркингтердің, паркингтердің) санаттарын айқындауға қатысу;
70) тұрақ инфрақұрылымы объектілері бойынша жұмыстарды үйлестіру және бақылау;
71) қаланың тұрақ кеңістігін пайдалану тиімділігіне мониторинг жүргізу;
72) тұрақ кеңістігін басқарудың цифрлық жүйесін құруды, пайдалануды, дамытуды және жаңғыртуды ұйымдастыру;
73) коммуналдық ақылы тұрақтардың көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеудің бақылануын қамтамасыз ету;
74) жеткізілген (эвакуацияланған) көлік құралдарын арнайы алаңдар мен тұрақтарда қабылдау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
75) көлік құралдарын арнайы алаңдар мен тұрақтарға эвакуациялау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
76) көлік инфрақұрылымы объектілерін пайдалануға қабылдауды және оларды коммуналдық меншікке беруді ұйымдастыру;
77) әуежайлармен және теміржол вокзалдарымен өзара іс-қимылды қоса алғанда, қаланың көлік жүйесінің жұмысын үйлестіру және ұйымдастыру;
78) қалалық рельстік көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру және мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер беру;
79) өздігінен жүзетін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәліктер беру;
80) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру;
81) жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен петицияларын қарау, келіп түсетін өтініштерді талдау және жүйелі проблемаларды анықтау.
3-тарау. Басқарманың бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Басқарманы басқаруды басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болатын.
17. Басқарманың басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
18. Басқарма басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болатын.
19. Басқарманың басшысы:
1) Басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың, Алматы қаласы әкімдігі қаулыларының және Алматы қаласы әкімінің, әкім орынбасарларының тапсырмаларының орындалуына дербес жауапты болады;
2) Басқарманың атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
3) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарманың мүддесін білдіреді;
4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде шаралар қабылдайды;
5) шарттар жасасады;
6) сенімхаттар береді;
7) банк шоттарын ашады;
8) Басқарманың бөлімдері туралы ережелерді бекітеді;
9) өз құзыреті шегінде Басқарманың барлық қызметкерлері үшін, сондай-ақ жарғысына (ережесіне) сәйкес номенклатурасы Басқарманың құзыретіне жатқызылған, Басқарманың қарамағындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
10) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес Басқарманың қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда конкурс өткізу арқылы не еңбек шарттарын жасасу арқылы жарғысына (ережесіне) сәйкес номенклатурасы Басқарманың құзыретіне жатқызылған, Басқарманың қарамағындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қызметкерлерін лауазымдарға тағайындайды және лауазымдардан босатады;
12) мемлекеттік мүлік туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда Басқарманың қарамағындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын басшысын аттестаттауды жүргізеді;
13) жарғысына (ережесіне) сәйкес номенклатурасы Басқарманың құзыретіне жатқызылған, Басқарманың қарамағындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер қызметкерлерінің міндеттерін және өкілеттіктерінің аясын айқындайды;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда Басқарманың қызметкерлеріне көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жазалар қолданады;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда жарғысына (ережесіне) сәйкес номенклатурасы Басқарманың құзыретіне жатқызылған, Басқарманың қарамағындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қызметкерлеріне көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жазалар қолданады;
16) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Басқарма басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
20. Басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындайды.
4-тарау. Басқарманың мүлкі
21. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда оралымды басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. Басқармаға бекітіп берілген мүлік Алматы қаласының коммуналдық меншігіне жатады.
23. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, Басқарманың өзіне бекітіп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
24. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
1) Алматы қаласы Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасының "Алматы қаласы жол қозғалысын ұйымдастыру орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
2) Алматы қаласы Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Алматы паркинг" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
3) "Алматыэлектротранс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
| Алматы қаласы әкімдігінің 2025 жылғы "__" ________ № ______ қаулысына 2 қосымша |
"Алматы қаласы Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Алматы қаласы Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) қолданыстағы заңнама аясында Алматы қаласының аумағында автомобиль жолдарын салу және жөндеу, жол инфрақұрылымы салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Басқарма ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес казынашылық органдарында шоттары болады.
4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Басқарманың егер қолданыстағы заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
6. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделген шешімдер қабылдайды.
7. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 050001, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Республика алаңы, 4.
9. Мемлекеттік органның толық атауы:
мемлекеттік тілде: "Алматы қаласы Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: Коммунальное государственное учреждение "Управление развития дорожной инфраструктуры города Алматы".
10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
11. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Басқармаға Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Басқармаға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2-тарау. Басқарманың миссиясы, мақсаты, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
13. Басқарманың миссиясы: Алматы қаласының аумағында тіршілікке қажетті инфрақұрылымды құруға бағытталған және автомобиль жолдары саласында тиімді мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу.
14. Басқарманың мақсаты: Алматы қаласының аумағында автомобиль жолдарын, жол инфрақұрылымын салу және жөндеу сапасын арттыру.
15. Басқарманың міндеттері:
1) жол инфрақұрылымын дамыту;
2) жобалау саласында қабылданған нормалар мен ұлттық стандарттардың, автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтiп-ұстау кезiнде талап етiлетiн сапаның сақталуын қамтамасыз ету;
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де міндеттер.
16. Басқарма функциялары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған:
1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласында конкурстарды (немесе тікелей келіссөздер) ұйымдастыру және өткізу, жол инфрақұрылымы саласында мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы келісім шарт жасау;
2) жолдар мен көшелерге ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде жұмыс түрлерінің сыныптамасын әзірлеу;
3) орташа жөндеу жұмыстары үшін көшелердің (жолдардың) тізбесін жасау;
4) автомобиль жолдарының (көшелердің) паспорттау базасын жүргізу;
5) жол инфрақұрылымдары объектілерін салу, реконструкциялау, жаңғырту, күрделі жөндеу жұмыстарының жобалау-сметалық құжаттамаларын, техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
6) магистральды жолдардағы апаттық-қауіпті жерлер мен учаскелерді жою бойынша шараларды ұйымдастыру арқылы қолданыстағы жол инфроқұрылымдарының қауіпсіз жұмыс жасауын, күтіп-ұстауды және жақсартуды қамтамасыз ету;
7) уақытша шектеу немесе жол қозғалысына тыйым салу, жолдарда немесе кейбір жол учаскелерінде жол қозғалысына өзгерістер енгізу жөнінде шаралар қабылдап, олар жайында бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қала тұрғындарына жеткізу;
8) Басқармаға жүктелген міндеттерді іске асыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, кәсіпорындармен және олардың лауазымды тұлғаларымен өзара іс-қимылды жүзеге асыру,
9) Басқарманың қарамағындағы ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқару органының функцияларын (жалғыз қатысушы) жүзеге асыру;
10) Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың қаржылық есептілігін қарастыру, келісу және бекіту;
11) Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың даму жоспарды орындауына, сондай-ақ жұмыс жасауына және тиімді басқаруына мониторинг, талдау, бақылау жасау;
12) Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың таза табыс бөлігін бөлу нормативін әзірлеу;
13) Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың таза табыс бөлігін бюджетке толықтай және уақытылы аударуына бақылау жүргізу;
14) жол жүйелері саласында жаңа технологияларды, жасанды интеллектіні, мобилді қосымшаларды, цифрландыруды енгізу, дамыту және жетілдіру;
15) көліктік жоспарлауды және жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіру;
16) қалалық рельстік көлік жұмыстары кезінде жұмыстарды ұйымдастыру, орындалуын қамтамасыз ету және бақылау;
17) жол-көлік оқиғаларынан шығындардың және жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бюджеттік шығындарға, сондай-ақ автомобиль жолдарында (көшелерде) жол апаттарының деңгейін төмендету шараларының тиімділігіне мониторинг жүргізу;
18) қауіпсіз жол қозғалысын ұйымдастыру бойынша іс-шараларды, жобаларды, "VISION ZERO" бағдарламасын әзірлеу және іске асыру;
19) жаяу және велосипед инфрақұрылымын салу және келісу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
20) паркингтерді салу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
21) ақылы коммуналды автотұрақ орындарын (автотұрақ) ұйымдастыру;
22) автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
23) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларын жүзеге асыру;
24) тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу, тәртiбiн ұйымдастыру және өткiзу, тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi мемлекеттiк сатып алу шарттарын жасау;
25) автожолдарды (көшелердi), жол инфрақұрылымы объектілерін, жаяу жүргiншi аймақтарын, жол қозғалысын бақылаудың техникалық құралдарын салу, реконструкциялау, жаңғырту (күрделі, орташа, ағымдағы) жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру және бақылауды қамтамасыз ету;
26) өнім берушілердің шарттық міндеттемелерді орындау барысына қатысты жұмысты үйлестіру;
27) жол инфрақұрылымының объектілерін пайдалануға қабылдау және оларды коммуналдық меншікке беру;
28) келісу кезінде қала құрылысы құжаттамасында аумақтық-көліктік жоспарлау және жол қозғалысын ұйымдастыру бойынша бөлімнің болуын қамтамасыз ету;
29) Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу;
30) Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу;
31) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
32) өтініштерді талдау және өтініш берушілер көтеретін жүйелі проблемаларды анықтау;
33) петицияларды қарау.
17. Жүктелген міндеттерге сәйкес және өз құзыретінің шегінде Басқарма:
1) мемлекеттік құпияларды, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте қажетті мәліметтерді, ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратуға және алуға;
2) Басқарманың қарамағындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіопрындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер басшыларының немесе оларды ауыстыратын тұлғалардың, басшы орынбасарларының тоқсан сайынғы есептерін тыңдауға;
3) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша келіссөздер жүргізуге;
4) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келмейтін келісімдер, меморандум жасасуға;
5) Aлматы қаласының әкіміне ұсыныстар енгізуге;
6) белгіленген тәртіпте әкімдік қаулыларының, әкімнің шешімдерінің және өкімдерінің, Алматы қаласы мәслихатының шешімдерінің жобаларын енгізуге;
7) автомобиль жолдарын дамыту саласында мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру үшін Алматы қаласы әкімдігінің жанынан арнайы комиссиялар, кеңестер, жұмыс топтары немесе басқа да кеңесші органдар құруға бастамашылық жасауға;
8) конференциялар, семинарлар, оқудың басқа да түрлерін ұйымдастыруға және автомобиль жолдары қызметкерлерімен тәжірибе алмасуға;
9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте сотқа талап-арыз беруге;
10) оған берілген мүлікті басқаруды жүзеге асыруға;
11) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген өзге өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.
3-тарау. Басқарманың қызметін ұйымдастыру
18. Басқармаға басшылықты, Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
19. Басқарма басшысын Алматы қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. Басқарма басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
21. Басқарма басшысының өкілеттіктері:
1) Басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың, Алматы қаласы әкімдігі қаулыларының және Алматы қаласы әкімі бұйрықтарының орындалуына дербес жауап береді;
2) Басқарманың атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
3) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарманың мүддесін білдіреді;
4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау шараларын қабылдайды;
5) шарттар жасасады;
4) Сенімхаттар береді;
7) банк шоттарын ашады;
8) Басқарманың бөлімдері туралы ережелерді бекітеді;
9) Басқарманың барлық қызметкерлері, сонымен қатар номенклатурасы олардың жарғысына (ережесіне) сәйкес Басқарманың құзыретіне жатқызылған Басқарма қарамағындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарманың қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
11) номенклатурасы олардың жарғысына (ережесіне) сәйкес Басқарманың құзыретіне жатқызылған Басқарманың қарамағындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қызметкерлерін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген немесе еңбек шарттарын жасасқан жағдайларға конкурс арқылы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
12) Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда, Басқарманың қарамағындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның басшыларын аттестаттауды жүргізеді;
13) Баcқарманың бөлім басшы қызметкерлерінің және өзінің орынбасарларының міндеттері мен өкілеттіктерінің аясын айқындайды;
14) номенклатурасы олардың жарғысына (ережесіне) сәйкес Басқарманың құзыретіне жатқызылған Басқарманың қарамағындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерінің аясын айқындайды;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген тәртіпте және жағдайларда Басқарманың қызметкерлеріне көтермелеу және тәртіптік жазалау шараларын қолданады;
16) номенклатурасы олардың жарғысына (ережесіне) сәйкес Басқарманың құзыретіне жатқызылған Басқарманың қарамағындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте және жағдайларда көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жауапкершілікке тартады;
17) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Басқарама басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
22. Басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгілейді.
4-тарау. Басқарманың мүлкі
23. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оралымды басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүліктен, сондай-ақ өз қызметінің нәтижесінде сатып алынған мүліктен (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
24. Басқармаға бекітіліп берілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
26. Егер қолданыстағы заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарманың өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
27. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқарманың қарамағындағы мекемелердің тізбесі:
1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Метрополитен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
| Алматы қаласы әкімдігінің 2025 жылғы "__"____________ № ______ қаулысына 3 қосымша |
Бөлу балансы
"Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін "Алматы қаласы Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне және "Алматы қаласы Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бөлу жолымен қайта ұйымдастыруға байланысты.
"Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасы" КММ балансында:
Активтер – 733 433 814,0 мың теңге.
Оның ішінде:
Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар – 625 726 103,5 мың теңге;
Негізгі құралдар – 43 330 954,7 мың теңге;
Аяқталмаған құрылыс – 63 705 949,2 мың теңге;
Материалдық емес активтер – 670 806,5 мың теңге;
Қорлар – 0,0 теңге;
Басқа қысқа мерзімді активтер – 0,0 теңге;
"Алматы қаласы Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балансына жедел басқару құқығындағы мынадай мүлік ауысады:
Активтер– 40 310 948,9 мың теңге.
Оның ішінде:
Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар -354 940 832,2 мың теңге;
Негізгі құралдар - 14 370 590,3 мың теңге;
Аяқталмаған құрылыс – 59 739 948,2 мың теңге;
Материалдық емес активтер – 3 035,0 мың теңге;
Қорлар – 0,0 теңге;
Басқа қысқа мерзімді активтер – 0,0 теңге.
"Алматы қаласы Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балансына жедел басқару құқығындағы мынадай мүлік ауысады:
Активтер – 693 122 865,1 мың теңге.
Оның ішінде:
Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар – 270 785 271,3 мың теңге;
Негізгі құралдар - 28 960 394,4 мың теңге;
Аяқталмаған құрылыс - 3 966 001,0 мың теңге;
Материалдық емес активтер – 667 771,5 мың теңге;
Қорлар – 0,0 мың теңге;
Басқа қысқа мерзімді активтер – 0,0 теңге.
"Алматы қаласы Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ретінде жол құрылысы саласындағы барлық дебиторлық берешектер бойынша міндеттемелердің құқықтық мұрагері болып табылады.
"Алматы қаласы Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ретінде жолаушылар тасымалы саласындағы барлық дебиторлық берешектер бойынша міндеттемелердің құқықтық мұрагері болып табылады
| Тапсырды: Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасының басшысы С. Телібаев_________________ |
Қабылдады:
Алматы қаласы Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасының |
Алматы қаласы Жол қозғалысы |
| Алматы қаласы әкімдігінің 2025 жылғы "__"____________ № ______ қаулысына 4 қосымша |
Алматы қаласы әкімдігінің күші жойылған қаулыларының тізбесі
1) "Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" 2019 жылғы 4 ақпандағы № 1/81 қаулысы;
2) "Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Алматы қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 4 ақпандағы № 1/81 қаулысына толықтыру енгізу туралы" 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 4/647 қаулысы;
3) "Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2024 жылғы 26 сәуірдегі № 2/279 қаулысының 1-тармағының 4) тармақшасы;
4) "Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2024 жылғы 14 маусымдағы № 2/345 қаулысының 1-тармағының 4) тармақшасы.