Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күшін жою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 16 қыркүйектегі № 620 бұйрығы

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 11-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылсын.

      2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр А. Әлназарова

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2025 жылғы 16 қыркүйектегі
№ 620 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің күші жойылған бұйрықтарының тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 29 наурыздағы № 183 бұйрығы.

      2. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 29 наурыздағы № 183 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 19 маусымдағы № 354 бұйрығы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады