Астана қаласында мүгедектігі жоқ адамдарға медициналық көрсетілімдер бойынша есту протезі көмегін ұсыну туралы

Жаңа

Астана қаласы мәслихатының 2026 жылғы 24 қыркүйектегі № 476/60-VIII шешімі

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 12-бабы 1-тармағының 5-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-306/2020 "Қазақстан Республикасының халқына сурдологиялық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" бұйрығының 24-тармағына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Астана қаласында мүгедектігі жоқ адамдарға медициналық көрсетілімдер бойынша есту протезімен көмек көрсетілсін.

      2. Елорданың жергілікті атқарушы органға Астана қаласында мүгедектігі жоқ адамдарды медициналық көрсетілімдер бойынша есту протезі көмегімен қамтамасыз ету.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласы мәслихатының төрағасы Т. Зейнұлқабден

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады