"Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңы 8-бабының 1) тармақшасына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Коммуналдық заңды тұлғаларға бекітілмеген коммуналдық мүліктің тізбесін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 7 шілдедегі № 501-2316 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
бекітілген коммуналдық заңды тұлғаларға бекітілмеген коммуналдық мүліктің тізбесі мынаَдай мазмұндағы реттік нөмірлері 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17 – жолдармен толықтырылсын:
"
9. | Нөсер кәрізі | - | Астана қаласы, Қарқабат көшесі, № 17 мекенжайында, № 53 мектептің жанында орналасқан нөсер кәрізі, инженерлік желілерінің жалпы ұзындығы 740 м құрайды, оның ішінде: диаметрі 100 мм құбыр – 70 м, диаметрі 250 мм – 100 м, диаметрі 315 мм – 60 м, диаметрі 500 мм – 230 м. Құдықтардың саны 46 бірлікті құрайды |
10. | Нөсер кәрізі | - | Астана қаласы, Ш. Құдайбердіұлы даңғылы, № 2Б, 2В, "Речной квартал" тұрғын үй кешенінде орналасқан нөсер кәрізі, инженерлік желілерінің жалпы ұзындығы 1 960 м құрайды, оның ішінде: диаметрі 150 мм құбыр – 50 м, диаметрі 200 мм – 120 м, диаметрі 500 мм – 1 790 м. Құдықтардың саны 32 бірлікті құрайды |
11. | Нөсер кәрізі | - | Астана қаласы, Қобыланды батыр көшесі, № 7, 7а, 7б, 7к, 7м, 7д, 7н, 7е, "3 гектара" тұрғын үй кешенінде орналасқан нөсер кәрізі, инженерлік желілерінің жалпы ұзындығы 1 290 м құрайды, оның ішінде: диаметрі 110 мм құбыр – 62 м, диаметрі 200 мм – 148 м, диаметрі 250 мм – 108 м, диаметрі 315 мм – 663 м, диаметрі 350 мм – 244 м, диаметрі 400 мм – 65 м. Құдықтардың саны 62 бірлікті құрайды |
12. | Жылу желілері | - | Астана қаласы, Қобыланды батыр көшесі, № 7 үйден № 7н үйге дейін, "3 Гектара" тұрғын үй кешенінде орналасқан жылу желілері, ұзындығы 864,4 қ. м: 2ДУ219/355 (ППУ-ПЭ) трассалары – 60,9 қ. м, 2ДУ159/250 (ППУ-ПЭ) трассалары – 123,5 қ. м, 2ДУ133/255 (ППУ-ПЭ) трассалары – 243,3 қ. м, 2ДУ108/200 (ППУ-ПЭ) трассалары – 112,3 қ. м, 2ДУ89/180 (ППУ-ПЭ) трассалары – 324,4 қ. м |
13. | Нөсер кәрізі | - | Иманақ көшесіндегі темірбетон науалар, Иманақ көшесіндегі № 10а үйден айналма жолға дейін, темірбетон науалардың ұзындығы – 320 м, темірбетон науаның ені – 60 см |
14. | Нөсер кәрізі | - | Ж. Жабаев көшесіндегі темірбетон науалар, Иманақ көшесінен айналма жолға дейін, темірбетон науалардың ұзындығы – 770 м, темірбетон науаның ені – 60 см |
15. | Нөсер кәрізі | - | Т. Мұсабаев көшесіндегі темірбетон науалар: темірбетон науалардың ұзындығы – 350 м, темірбетон науаның ені – 40 см |
16. | Нөсер кәрізі | - | М. Горький көшесіндегі темірбетон науалар, Т. Мұсабаев көшесінен Т. Әубәкіров көшесіне дейін, темірбетон науалардың ұзындығы – 120 м, темірбетон науаның ені – 40 см, диаметрі 400 мм құбыр – 15 метр |
17. | Модульдік дәретхана | - | Астана қаласы, "Байқоңыр" ауданы, "Ататүрік" саябағы мекенжайында орналасқан модульдік дәретхана, жалпы аумағы – 51,21 ш. м, биіктігі – 2,8 м, ұзындығы – 12,7 м, ені – 4,4 м |
".
2. "Астана қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. "Астана қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне бес жұмыс күн ішінде жіберілуін;
2) осы қаулының Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау "Астана қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы Д.З. Ешкеевке жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.
| Астана қаласының әкімі | Ж. Қасымбек |
