Астана қаласы кейбір аудандарының шекараларын өзгерту және белгілеу туралы

Жаңа

Астана қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 14 тамыздағы № 510-2879 бірлескен қаулысы және Астана қаласы мәслихатының 2026 жылғы 14 тамыздағы № 460/58-VIII шешімі

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 13-бабының 3) тармақшасына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Астана қаласы "Сарыарқа" ауданының шекарасы "Нұра" ауданы аумағы есебінен жалпы алаңы 369 гектар жерді қосу жолымен өзгертіліп, жалпы алаңы 7 144 гектар болып белгіленсін.

      2. Астана қаласы "Сарыарқа" ауданының шекарасы мынадай тәртіппен белгіленсін: қаланың батыс шекарасынан бастап теміржол бойымен Алаш тасжолына дейін, Бөгенбай батыр даңғылының тақ сандар жағымен Республика даңғылына дейін, одан әрі Республика даңғылының тақ сандар жағымен оңтүстікке қарай А. Бараев көшесіне дейін, А. Бараев көшесінің бойымен Есіл өзеніне дейін, Есіл өзенінің оң жақ жағалауымен Астана қаласының батыс шекарасына дейін.

      3. Астана қаласының "Байқоңыр" ауданының шекарасы "Алматы" ауданы аумағы есебінен жалпы алаңы 61 гектар жерді қосу жолымен өзгертіліп, жалпы алаңы 18 190 гектар болып белгіленсін.

      4. Астана қаласы "Байқоңыр" ауданының шекарасы мынадай тәртіппен белгіленсін: теміржолдан "Астана – Қостанай" автожолы бағытына қарай қаланың қолданыстағы шекарасы бойымен солтүстікке қарай Ақбұлақ өзеніне дейін, Ақбұлақ өзені бойымен Бұйрат көшесіне дейін, Бұйрат көшесінің жұп сандар жағымен Маймекен көшесіне дейін, Маймекен көшесінің бойымен Кендірлі көшесіне дейін, одан әрі Ақбұлақ өзенінің бойымен Есіл және Ақбұлақ өзендерінің қосылатын жеріне дейін, Есіл өзені бойымен Қараөткел көпіріне дейін, А. Бараев көшесі бойымен Республика даңғылына дейін, Республика даңғылының жұп сандар жағымен Бөгенбай батыр даңғылына дейін, Бөгенбай батыр даңғылы және Алаш тасжолы бойымен теміржолға дейін, теміржол бойымен Астана қаласының батыс шекарасына дейін.

      Аудан шекарасына қалалық зират аумағы (460 гектар), "Жарық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағы (384,6 гектар) және "Қоянды" саяжай алабы (443,9 гектар) енгізіледі.

      5. "Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі:

      1) Астана қаласы әкімдігінің бірлескен қаулысы мен мәслихат шешіміне қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық нысандағы көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      2) Астана қаласы әкімдігінің бірлескен қаулысы мен мәслихат шешімінің ресми жарияланғаннан кейін Астана қаласы әкімдігінің және Астана қаласы мәслихатының интернет-ресурстарында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      6. Астана қаласы әкімдігінің бірлескен қаулысы мен мәслихат шешімінің орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      7. Астана қаласы әкімдігінің бірлескен қаулысы мен мәслихат шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласының әкімі ______________ Ж. Қасымбек
      Астана қаласы мәслихатының төрағасы ______________ Т. Зейнұлқабден

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады