Ақмола облысы Көкшетау қаласының көшелеріне атаулар беру туралы

Жаңа

Ақмола облысы әкімдігінің 2026 жылғы 24 маусымдағы № А-6/250 бірлескен қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 2026 жылғы 19 маусымдағы № 8С-30-5 шешімі

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы, 4-1) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2026 жылғы 30 сәуірдегі қорытындысы негізінде және Көкшетау қаласы халқының пікірін ескере отырып, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Көкшетау қаласының келесі атаусыз көшелеріне:

      Бірлік шағын ауданындағы №1 көшеге Зейнолла Кенжеболатов көшесі;

      Бірлік шағын ауданындағы №3 көшеге Айдархан Байкенов көшесі;

      Бірлік шағын ауданындағы №4 көшеге Неғметжан Қасенов көшесі атаулары берілсін;

      2. Осы бірлескен Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының әкімі М. Ахметжанов
      Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Б. Жүсіпов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады