"Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 7 сәуірдегі № А-5/157 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы әкімдігінің 2026 жылғы 29 мамырдағы № А-5/221 қаулысы

      Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Профилактикасы және диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 7 сәуірдегі № А-5/157 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5348 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Ақмола облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысы әкімінің міндетін атқарушы Е. Рамазанов

  Акмола облысы әкімдігінің
  2026 жылғы 29 мамырдағы
  № А-5/221 қаулысына қосымша
  Акмола облысы әкімдігінің
  2016 жылғы 7 сәуірдегі
  № А-5/157 қаулысымен
  бекітілген

Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі

      Ірі қара мал аурулары: гиподерматоз (тері асты бөгелегі)

      Жылқы аурулары: сақау, сальмонеллезді іш тастау, эпизоотиялық лимфангит.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады