Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 5 қаңтардағы № А-1/9 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабының 5-1) тармақшасына және 69-бабының 4-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, жер-кадастрлық жоспар, Көкшетау қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 28 қыркүйектегі № А-9/2033 қаулысы негізінде, Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Транстелеком" акционерлік қоғамына Көкшетау қаласы, Сарыарка шағын ауданы мекенжайы бойынша орналасқан, кабельдік (телефондық) кәрізді пайдалану үшін жер учаскелерін алып қоймай, ауданы 0,0741 га жер учаскесіне шектеулі пайдалану құқығымен бес жыл мерзімге қауымдық сервитут орнатылсын.

      2. Мемлекеттік меншiктегi және жер пайдалануға берiлмеген жер учаскелерi бойынша қауымдық сервитут белгілеу кезінде, пайдалы қазбаларды барлауды немесе геологиялық зерттеуді жүргізу мақсаттары үшін белгіленетін сервитутты қоспағанда, сервитут үшiн 2 574 (екі мың бес жүз жетпіс төрт) теңге төлемақы бюджетке түседi.

      3. "Транстелеком" акционерлік қоғамы жер учаскелерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтасын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Көкшетау қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Ә. Күмпекеев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады