Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 5 қаңтардағы № А-1/10 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабының 5-1) тармақшасына және 69-бабының 4-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, бекітілген жерге орналастыру жобасы (2025 жылғы 28 қазандағы № KZ09VBG01669247 бұйрық) негізінде, Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Көкшетау қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне Көкшетау қаласы, Сарыарқа шағын ауданы және Кокше Сити шағын ауданында, қосымша 45 га учаскеде мекенжайы бойынша орналасқан, сумен жабдықтаудың таратушы желілерін салу бойынша жобалауөсметалық құжаттаманы әзірлеу үшін, ауданы 1,7441 га жер учаскесіне шектеулі пайдалану құқығымен бес жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Мемлекеттік меншiктегi және жер пайдалануға берiлмеген жер учаскелерi бойынша қауымдық сервитут белгілеу кезінде, пайдалы қазбаларды барлауды немесе геологиялық зерттеуді жүргізу мақсаттары үшін белгіленетін сервитутты қоспағанда, сервитут үшiн 60 590 (алпыс мың бес жүз тоқсан) теңге төлемақы бюджетке түседi.

      3. "Көкшетау қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі жер учаскелерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтасын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Көкшетау қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Ә. Күмпекеев

Об установлении публичного сервитута

Постановление акимата города Кокшетау Акмолинской области от 5 января 2026 года № А-1/10

      В соответствии с подпунктом 5-1) статьи 18 и подпунктом 2) пункта 4 статьи 69 Земельного кодекса Республики Казахстан, подпунктом 10) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", на основании утвержденного землеустроительного проекта (приказ № KZ09VBG01669247 от 28 октября 2025 года), акимат города Кокшетау ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить публичный сервитут на земельный участок, площадью 1,7441 га, без изъятия земельных участков, на праве ограниченного пользования, сроком на 5 лет государственному учреждению "Отдел строительства города Кокшетау", для разработки проектно-сметной документации на строительство разводящих сетей водоснабжения, расположенного по адресу: город Кокшетау, микрорайон Сарыарка и микрорайон Кокше Сити, на участке 45 га согласно приложению.

      2. При установлении публичного сервитута по земельным участкам, находящимся в государственной собственности и не предоставленным в землепользование, за исключением сервитута, устанавливаемого для целей проведения разведки полезных ископаемых или геологического изучения, плата за сервитут, стоимостью 60 590 (шестьдесят тысяч пятьсот девяносто) тенге, поступает в бюджет.

      3. Государственному учреждению "Отдел строительства города Кокшетау" соблюдать требования законодательства Республики Казахстан при использовании земельных участков.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима города Кокшетау.

      5. Настоящее постановление вступает в силу и вводится в действие со дня его подписания.

      Аким города А. Кумпекеев