Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабының 5-1) тармақшасына және 69-бабының 4-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, бекітілген жерге орналастыру жобасы (2026 жылғы 4 ақпандағы № KZ58VBG01720842 бұйрық) негізінде, Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "КОКШЕТАУ ЭНЕРГО" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Көкшетау қаласы, Е. Серкебаев көшесі, М. Жұмабаев көшесі, М. Сағдиев көшесі, Б. Момышұлы көшесі, А. Бөкейхан көшесі, Р. Сабатаева, Б. Әшімов көшесі мекенжайы бойынша орналасқан ауданы 0,0114 га жер учаскесі № 205 10/0,4 кВ трансформаторлық қосалқы станциясынан 0,4 кВ әуе желісіне қызмет көрсету үшін шектеулі пайдалану құқығымен он жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Мемлекеттік меншiктегi және жер пайдалануға берiлмеген жер учаскелерi бойынша қауымдық сервитут белгілеу кезінде, пайдалы қазбаларды барлауды немесе геологиялық зерттеуді жүргізу мақсаттары үшін белгіленетін сервитутты қоспағанда, сервитут үшiн 396 (үш жүз тоқсан алты) теңге төлемақы бюджетке түседi.
3. "КОКШЕТАУ ЭНЕРГО" жауапкершілігі шектеулі серітестігі жер учаскелерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтасын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Көкшетау қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
| Қала әкімі | Ә. Күмпекеев |