Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 12 тамыздағы № A-5/529 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабының 5-1) тармақшасына және 69-бабының 4-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, бекітілген жерге орналастыру жобасы (2026 жылғы 02 сәуірдегі № KZ65VBG01746518 бұйрық) негізінде, Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Көкшетау қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне Көкшетау қаласы, ВНС ДСК-тен ВНС Станционный дейін мекенжайы бойынша орналасқан, су құбырын салуға жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін, ауданы 2,7465 га жер учаскесіне шектеулі пайдалану құқығымен бес жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Мемлекеттік меншiктегi және жер пайдалануға берiлмеген жер учаскелерi бойынша қауымдық сервитут белгілеу кезінде, пайдалы қазбаларды барлауды немесе геологиялық зерттеуді жүргізу мақсаттары үшін белгіленетін сервитутты қоспағанда, сервитут үшiн 95 413 (тоқсан бес мың төрт жүз он үш) теңге төлемақы бюджетке түседi.

      3. "Көкшетау қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі жер учаскелерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтасын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Көкшетау қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Ә. Күмпекеев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады