Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабының 5-1) тармақшасына және 69-бабының 4-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1."Kokshe building service" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Көкшетау қаласы, Шығын өнеркәсіп аймағы мекенжайы бойынша орналасқан жол төсеу үшін жер учаскелерін алып қоймай, ауданы 0,5000 га жер учаскесіне шектеулі пайдалану құқығымен бес жыл мерзімге қаумдық сервитут белгіленсін.
2.Мемлекеттік меншiктегi және жер пайдалануға берiлмеген жер учаскелерi бойынша қауымдық сервитут белгілеу кезінде, пайдалы қазбаларды барлауды немесе геологиялық зерттеуді жүргізу мақсаттары үшін белгіленетін сервитутты қоспағанда, сервитут үшiн 10 363 (он мың үш жүз алпыс үш) теңге төлемақы бюджетке түседi.
3. "Kokshe building service" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жер учаскелерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтасын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Көкшетау қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
| Қала әкімі | Ә. Күмпекеев |