Қауымдық сервитутты белгілеу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 3 сәуірдегі № А-4/109 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "АК Алтыналмас" акционерлік қоғамына 2 жыл мерзімге Степногорск қаласы, Парковая көшесі, 5-учаскесі мекенжайында орналасқан, алаңы 0,1085 гектар жер учаскесіне инженерлік желілерді төсеу үшін қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "АК Алтыналмас" акционерлік қоғамы "Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жер учаскесін шектеулі нысаналы пайдалану (қауымдық сервитут) туралы шарт жасасын.

      3. "АК Алтыналмас" акционерлік қоғамы жер учаскесін инженерлік желілерді төсеу үшін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарын сақтасын.

      4. "Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға белгіленген тәртіппен жолдауды қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Степногорск қаласының әкімі Г. Қасенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады