"Teniz Resources Ltd" жеке компаниясына қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер участкелеріне шектеулі нысаналы пайдалану (қауымдық сервитут) құқығын белгілеу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 3 шілдедегі № а-7/134 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексіне, “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, "Teniz Resources Ltd" жеке компаниясының өтінішін қарап, Атбасар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:

      1. "Teniz Resources Ltd" жеке компаниясына Атбасар ауданы, Сепе ауылдық округтерінің әкімшілік шекараларында орналасқан жалпы ауданы 2734,8 га жер учаскелеріне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алынбай, олармен өтініш берушінің өзі дербес келісе отырып, 2031 жылдың 28 маусымына дейінгі мерзімге қатты пайдалы қазбаларды барлау үшін шектеулі нысаналы пайдалану (қауымдық сервитут) құқығы белгіленсін.

      2. "Teniz Resources Ltd" жеке компаниясы қатты пайдалы қазбаларды барлау мақсатында жер учаскелерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Атбасар ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен баста қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі К. Әлімжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады