Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімінің 2026 жылғы 21 шiлдедегi № 8 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Ерейментау ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиясы отырысының 2026 жылғы 17 шілдедегі № 6 хаттамасы негізінде, Қобейтұз көлінің тозу қаупінен туындаған табиғи сипаттағы төтенше жағдайға байланысты, экологиялық ахуалдың одан әрі нашарлауына жол бермеу және төтенше жағдайдың салдарын жою мақсатында, Ерейментау ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақмола облысы Ерейментау ауданындағы Қобейтұз көлі аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Төтенше жағдайды жою жөніндегі жұмыстардың басшысы болып Ерейментау ауданы әкімінің орынбасары Құттыбаев Е.Б. тағайындалсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзімде қалдырылсын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Н. Мукатов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады