Біржан сал ауданының елді мекенінің шекарасын (шегін) белгілеу және өзгерту туралы

Жаңа

Ақмола облысы Біржан сал ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 20 мамырдағы № A-5/70 бірлескен қаулысы және Ақмола облысы Біржан сал ауданы мәслихатының 2026 жылғы 20 мамырдағы № C-35/8 шешімі

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 31-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Біржан сал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Біржан сал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жалпы ауданы 3312,5 гектар Біржан сал ауданы Үлгілі ауылдық округінің Үлгі ауылының шекарасы (шегі) белгіленсін және өзгертілсін.

      2. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысының және мәслихаттың шешімінің орындалуын бақылау Біржан сал ауданы әкімінің орынбасары Е.Т. Сабыровқа жүктелсін.

      3. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 
  Бірлескен Біржан сал ауданы
  әкімдігінің қаулысына
  2026 жылғы _20.05_ № а-5/70
  және Біржан сал аудандық
  2026 жылғы _20.05_ № С-35/8
  1-қосымша

Біржан сал ауданы, Үлгі аулдық округі, Үлгі ауылының шекарасы (шегі)



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады