2026 жылға арналған Жақсы ауданы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға ең төмен жарналар мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 2026 жылғы 10 шілдедегі № 8С-57-3 шешімі

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-3-бабының 1-тармағына, "Кондоминиум объектісін басқаруға арналған шығыстардың жылдық сметасын есептеу әдістемесін, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төмен мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 166 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20284 болып тіркелді) сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. 2026 жылға арналған Жақсы ауданы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға ең төмен жарналар мөлшері айына пайдалы алаңның бір шаршы метрі үшін республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген 0,0153 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жақсы аудандық мәслихатының төрағасы А. Бралина

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады