Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 17, 69-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37-баптарына сәйкес, жер комиссиясының 2026 жылғы 17 ақпандағы № 4 хаттамасына сәйкес, Зеренді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "АлтайГео" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Қонысбай, Күсеп, Қызылсая, Симферополь ауылдық округтері, Сәкен Сейфуллин атындағы ауылдық округі және Алексеевка кентінің әкімшілік шекараларында орналасқан жалпы ауданы 5740,3 га жер телімдеріне геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу үшін 2 жыл мерзімге шектеулі нысаналы пайдалану (жария сервитут) құқығы ұсынылсын.
2. Геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу қызметін көрсеткен кезде "АлтайГео" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары сақтасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Зеренді ауданы әкімінің орынбасары Е.К. Даукеновқа жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | Ә. Құрманғожин |