Сандықтау ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сандықтау ауданы әкімінің "Сандықтау ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" 2017 жылғы 6 маусымдағы № 2 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6012 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
№ 604 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:
"№ 604 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Барақпай ауылы, Ыбырай Алтынсарин көшесі, 31, "Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Барақпай ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекаралар: Барақпай ауылы, Хлебное ауылы.".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Сандықтау ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Сандықтау ауданының әкімі | С.Құдабай |
"КЕЛІСІЛДІ"
Сандықтау аудандық
аумақтық сайлау
комиссиясы