Сандықтау ауданы әкімінің 2017 жылғы 6 маусымдағы № 2 "Сандықтау ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімінің 2026 жылғы 29 мамырдағы № 3 шешімі

      Сандықтау ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сандықтау ауданы әкімінің "Сандықтау ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" 2017 жылғы 6 маусымдағы № 2 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6012 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында:

      № 604 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "№ 604 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Барақпай ауылы, Ыбырай Алтынсарин көшесі, 31, "Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Барақпай ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекаралар: Барақпай ауылы, Хлебное ауылы.".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Сандықтау ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сандықтау ауданының әкімі С.Құдабай

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Сандықтау аудандық

      аумақтық сайлау

      комиссиясы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады