Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 8/6 "Сандықтау ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2026 жылғы 9 маусымдағы № 33/1 шешімі

      Сандықтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының "Сандықтау ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 8/6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 8685-03 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген шешіммен бекітілген Сандықтау ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      7-тармақтың 5),7) тармақшасы алынып тасталсын;

      10-тармақтың 2) тармақасының жаңа редакцияда жазылсын:

      "2) 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне:

      "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға, 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";

      10-тармақтың 4) тармақасының жаңа редакцияда жазылсын:

      "4) 9 мамыр - Жеңіс күніне:

      Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына, 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға, 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға, 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";

      10-тармақтың 7) тармақасының жаңа редакцияда жазылсын:

      "7) 1 қазан - Қарттар күніне:

      ең төменгі және ең төменгі зейнетақы мөлшерінен төмен зейнеткерлерге 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";

      10-тармақтың 8) тармақасының жаңа редакцияда жазылсын:

      "8) Қазан айының екінші жексенбісі - Қазақстан Республикасының Мүгедектігі бар адамдар күніне:

      барлық топтағы мүгедектігі бар адамдарға және мүгедектігі бар балаларға, 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";

      11-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) кірістерді есепке алмағанда:

      өрт салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) үш айдан кешіктірмей бір мезгілде 200 (екі жүз) айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде;

      дүлей зілзаланың салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) үш айдан кешіктірмей бір мезгілде 100 (жүз) айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде;

      денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған әлеуметтік маңызы бар аурулары (адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауру, туберкулез, қатерлі ісіктер) бар адамдарға (отбасыларға) аурулардың бір түрі бойынша жылына 1 рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      амбулаториялық емдеудегі белсенді нысандағы туберкулез ауруы бар адамдарға ай сайын 6 айдан артық емес 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      диспансерлік есепте тұрған адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауруды жұқтырған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне ай сайын 2 (екі) ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде;

      "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4, 6 және 7 – баптарында көрсетілген адамдарға, "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген тәртіпте ақталған, Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін қуғын-сүргіндерге ұшыраған адамдарға, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда Қазақстан Республикасы шегінде санаторийлік-курорттық емделуге жолдама құнын өтеуге төлем туралы құжаттар негізінде жылына 1 рет 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде;

      "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабында көрсетілген адамдарға коммуналдық қызметтер үшін шығыстарға ай сайын 2,5 (екі жарым) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторийлік-курорттық емдеу қызметтері әзірленген мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, жасына байланысты зейнеткерлерге Қазақстан Республикасы шегінде санаторийлік-курорттық емделуге жолдаманың құнын өтеуге төлем туралы құжаттар негізінде екі жылда 1 рет 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

      2) кірістерді ескере отырып, жылына 1 рет:

      жанбасынашаққандағыорташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен адамдарға (отбасыларға) 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сандықтау аудандық мәслихатының төрайымы Г. Мұстафина

О внесении изменений в решение Сандыктауского районного маслихата Акмолинской области от 26 декабря 2023 года № 8/6 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Сандыктаускому району"

Решение Сандыктауского районного маслихата Акмолинской области от 9 июня 2026 года № 33/1

      Сандыктауский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Сандыктауского районного маслихата Акмолинской области "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Сандыктаускому району" от 26 декабря 2023 года № 8/6 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 8685-03) следующие изменения:

      в Правилах оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Сандыктаускому району, утвержденных вышеуказанным решением:

      подпункты 5), 7) пункта 7 исключить;

      подпункт 2) пункта 10 изложить в новой редакции:

      "2) к Международному женскому дню – 8 марта:

      многодетным матерям, награжденным подвесками "Алтын алқа", "Күміс алқа" или получившим ранее звание "Мать-героиня", награжденным орденами "Материнская слава"I и II степени, в размере 3 (три) месячных расчетных показателей;";

      подпункт 4) пункта 10 изложить в новой редакции:

      "4) ко Дню Победы – 9 мая:

      семьям военнослужащих, погибших (пропавших без вести) или умерших вследствие ранения, контузии, увечья, заболевания, полученных в период боевых действий в Афганистане или других государствах, в которых велись боевые действия, в размере 15 (пятнадцать) месячных расчетных показателей;

      супруге (супругу) умершего лица с инвалидностью вследствие ранения, контузии, увечья или заболевания, полученных в период Великой Отечественной войны, или лица, приравненного по льготам к лицам с инвалидностью вследствие ранения, контузии, увечья или заболевания, полученных в период Великой Отечественной войны, а также супруге (супругу) умершего участника Великой Отечественной войны, партизана, подпольщика, гражданина, награжденного медалью "За оборону Ленинграда" или знаком "Жителю блокадного Ленинграда", признававшихся лицами с инвалидностью в результате общего заболевания, трудового увечья и других причин (за исключением противоправных), которые не вступали в повторный брак, в размере 15 (пятнадцать) месячных расчетных показателей;

      лицам, награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны, в размере 15 (пятнадцать) месячных расчетных показателей;

      лицам, проработавшим (прослужившим) не менее шести месяцев с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года и не награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны, в размере 15 (пятнадцать) месячных расчетных показателей;";

      подпункт 7) пункта 10 изложить в новой редакции:

      "7) ко Дню пожилых людей – 1 октября:

      пенсионерам с минимальным и ниже минимального размером пенсии в размере 3 (три) месячных расчетных показателей;";

      подпункт 8) пункта 10 изложить в новой редакции:

      "8) ко Дню лиц с инвалидностью Республики Казахстан – второе воскресенье октября месяца:

      лицам с инвалидностью всех групп и детям с инвалидностью, в размере 3(три) месячных расчетных показателей;";

      пункт 11 изложить в новой редакции:

      "1) без учета доходов:

      гражданам (семьям), пострадавшим вследствие пожара не позднее трех месяцев единовременно в размере до 200 (двести) месячных расчетных показателей;

      гражданам (семьям), пострадавшим вследствие стихийного бедствия не позднее трех месяцев единовременно в размере до 100 (сто) месячных расчетных показателей;

      лицам (семьям), имеющим социально значимые заболевания (болезнь, вызванная вирусом иммунодефицита человека (ВИЧ), туберкулез, злокачественные новообразования), состоящим на учете в организациях здравоохранения, по одному виду из заболеваний, 1 раз в год в размере 15 (пятнадцать) месячных расчетных показателей;

      лицам, с заболеванием туберкулез в активной форме, находящимся на амбулаторном лечении, ежемесячно не более 6 месяцев в размере 15 (пятнадцать) месячных расчетных показателей;

      родителям или иным законным представителям инфицированных детей с болезнью, вызванной вирусом иммунодефицита человека (ВИЧ), состоящих на диспансерном учете, ежемесячно в размере 2 (двух) прожиточных минимумов;

      лицам, указанным в статьях 4, 6 и 7 Закона Республики Казахстан "О ветеранах", лицам, подвергшимся репрессиям за участие в событиях 17-18 декабря 1986 года в Казахстане, за исключением лиц, осужденных за совершение умышленных убийств и посягательство на жизнь работника милиции, народного дружинника в этих событиях, в отношении которых сохраняется действующий порядок пересмотра уголовных дел, реабилитированным в порядке, установленном Законом Республики Казахстан "О реабилитации жертв массовых политических репрессий", на возмещение стоимости путевки на санаторно-курортное лечение в пределах Республики Казахстан на основании документов об оплате, 1 раз в год в размере не более 60 (шестьдесят) месячных расчетных показателей;

      лицам, указанным в статье 5 Закона Республики Казахстан "О ветеранах", на расходы за коммунальные услуги ежемесячно в размере 2,5 (два с половиной) месячных расчетных показателей;

      пенсионерам по возрасту, за исключением лиц с инвалидностью, которым в соответствии с индивидуальной программой абилитации и реабилитации разработаны услуги санаторно-курортного лечения, на возмещение стоимости путевки на санаторно-курортное лечение в пределах Республики Казахстан, на основании документов об оплате 1 раз в два года, в размере 30 (тридцать) месячных расчетных показателей.

      2) с учетом доходов 1 раз в год:

      лицам (семьям) со среднедушевым доходом ниже прожиточного минимума в размере 15 (пятнадцать) месячных расчетных показателей.".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Сандыктауского районного маслихата Г. Мустафина