Ақмола облысы Қосшы қаласы әкімінің 2026 жылғы 14 шілдедегі № 07-08 "Техногендік сипаттағы объектілік ауқымдағы төтенше жағдайды жариялау туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Қосшы қаласы әкімінің 2026 жылғы 11 тамыздағы № 08-23 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, жағдайдың тұрақтануына және Ақмола облысы Қосшы қаласының 016 есептік орамы, 5735 жер учаскесі мекенжайында орналасқан су алу станциясы мен сумен жабдықтау желілерінің коммуналдық тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінде авариялық жағдайдың туындау тікелей қаупінің жойылуына байланысты, қала әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақмола облысы Қосшы қаласы әкімінің 2026 жылғы 14 шілдедегі № 07-08 "Техногендік сипаттағы объектілік ауқымдағы төтенше жағдайды жариялау туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. "Қосшы қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы шешімнің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін (қажет болған жағдайда), ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізілуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әкім А. Қапышев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады