Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 69-бабының 4-тармағына сәйкес, 2026 жылдың 26 мамырдағы № ПР-91876 "Қосшы қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өтініші негізінде, Қосшы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосшы қаласы мекен жайындағы, "Қосшы қаласында индустриалық аймақтың құрылысын жүргізу" жобасы шеңберінде ӘЖ 10 кВ жобалау және құрылысын жүргізу үшін, ұзындығы 3546 м, "Қосшы қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүдделері үшін, жер схемасына сәйкес, 3 жыл мерзімге жер учаскілеріне шектеулі пайдалану құқығын белгілеу (қоғамдық сервитут) орнатылсын.
2. "Қосшы қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмейтін мерзімде меншік иелері мен жер пайдаланушыларға шектеулі пайдалану құқығын (қоғамдық сервитут) белгілеу туралы жазбаша хабарлама жолдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қосшы қаласы әкімінің орынбасары Ә. Ибраеваға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Әкім | А. Қапышев |
| Қосымша Қосшы қаласы | |
| әкімдігінің қаулысына | |
| № " " 2026 жыл |
