Жер учаскелеріне шектеулі пайдалану құқығын белгілеу (қоғамдық сервитут) туралы

Жаңа

Ақмола облысы Қосшы қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 8 маусымдағы № 06-204 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 69-бабының 4-тармағына сәйкес, 2026 жылдың 16 наурыздағы № ЖТ-2026-01109534 "КаР–Тел" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өтініші негізінде, Қосшы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қосшы қаласы бойынша, талшықты–оптикалық желілерді пайдалану үшін, ауданы 2,8282 га, "КаР–Тел" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер схемасына сәйкес, 49 жыл мерзімге жер учаскілеріне шектеулі пайдалану құқығын белгілеу (қоғамдық сервитут ) орнатылсын.

      2. "Қосшы қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмейтін мерзімде меншік иелері мен жер пайдаланушыларға шектеулі пайдалану құқығын (қоғамдық сервитут) белгілеу туралы жазбаша хабарлама жолдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қосшы қаласы әкімінің орынбасары Ә. Ибраеваға жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкімнің м. а. С. Сүлейменов

  Қосымша Қосшы қаласы
  әкімдігінің қаулысына
  № " " 2026 жыл



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады