Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Профилактика мен диагностикасы жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін бекіту туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2013 жылғы 28 желтоқандағы № 428 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3740 тіркелген) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Профилактикасы мен диагностикасы жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Ақтөбе облысының әкімі | А. Шахаров |
| Ақтөбе облысы әкімдігінің 2026 жылғы 5 тамыздағы № 150 қаулысына қосымша |
|
| Ақтөбе облысы әкімдігінің 2013 жылғы 28 желтоқсандағы № 428 қаулысымен бекітілген |
Профилактикасы мен диагностикасы жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі
1. Әртүрлі түліктерге ортақ аурулар: псороптоз, арахноздар
2. Мүйізді ірі қара аурулары: гиподерматоз, тейлериоз, пироплазмоз
3. Ұсақ қара мал аурулары: гельминтоздар, эстроз
4. Жылқы аурулары: сақау
5. Шошқа аурулары: аскаридоз