"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-тармағы 8) тармақшасына, "Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімшелеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және білім министрінің 2026 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Республикасы Ғылым және білім министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 222 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36063 тіркелген) бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Ақтөбе облысы бойынша жоғары білімі бар кадрларды даярлауға 2026-2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.
2. "Ақтөбе облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Ақтөбе облысының әкімі | А. Шахаров |
| Ақтөбе облысы әкімдігінің | |
| 2026 жылғы 21 қыркүйектегі | |
| № 187 қаулысына қосымша |
Ақтөбе облысында жергілікті бюджет есебінен жаңа 2026-2027 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы
№ | Білім беру саласының коды | Даярлау бағытының коды | Білім беру бағдарламасы тобының коды | Мамандық атауы | Мемлекеттік тапсырыс саны |
1 |
| 6В015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау | В009 Математика мұғалімдерін даярлау | Математика | 5 |
2 | В010 Физика мұғалімдерін даярлау | Физика | 3 | ||
3 | В012 Химия мұғалімдерін даярлау | Химия | 3 | ||
4 | 6B014 Тілдерді және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау | B007 Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау | Орыс тілі мен әдебиеті | 3 | |
В018 Шет тілдері мұғалімдерін даярлау | Ағылшын тілі | 3 | |||
5 | 6B019 Арнайы педагогика мамандарын даярлау | B020 Арнайы педагогика | Арнайы педагогика | 9 | |
6 | 6В021-Өнер және гуманитарлық ғылымдар | 6В021 - Өнер | 6В02173 Музыкалық театрының әртісі | Музыкалық театрының әртісі | 6 |
7 | 6В02-Аспаптық орындау | 6В02-Аспаптық орындау | 6В02-Аспаптық орындау: Ішекті аспаптар | Аспаптық орындаушылық-ішекті аспаптар (контрабас) | 1 |
9 | 6В02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар | 6В022 Гуманитарлық ғылымдар | В033 Дінтану және теология | Дінтану | 3 |
10 | 6B11 Қызметтер | 6B11501 Жаттықтыру қызметі (спорт түрлері бойынша) | B098 Спорт | Спорт | 4 |