Қарғалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қарғалы ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы" Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 244 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31353 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Қарғалы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қауылыны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерің эталондық бақылау банкісінде ресми жариялауға жіберуді;
2) осы қауылыны ресми жариялағаннан кейін Қарғалы ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қауылының орындалуын бақылау Қарғалы ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қарғалы ауданының әкімі | Н. Унербаев |
| Қарғалы ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 25 қыркүйектегі № 150 қаулысына қосымша |
|
| Қарғалы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 244 қаулысына қосымша |
Қарғалы ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары
Ескерту: жеке кәсіпкерге, заңды тұлғаға және/немесе өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғаға сауданы ұйымдастыру кезінде жоспарланған сауданы ұйымдастыру туралы тиісті ауылдық округ әкімдігіне алдын ала (бір жұмыс күнінен кешіктірмей) хабарлау қажет. Хабарламада міндетті түрде жеке кәсіпкердің, заңды тұлғаның атауы және/немесе өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, өткізілетін өнімнің түрі, сауданы ұйымдастыру кезеңі, тауарды өткізуге жауапты тұлғалардың байланыс деректері (ұялы телефон нөмірі) көрсетілуі тиіс.