Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес Қарғалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарғалы аудандық мәслихатының 2026 жылғы 21 сәуірдегі № 448 "Қарғалы ауданының кейбір әлеуметтік жағынан мұқтаж санаттағы азаматтарына Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюдың 40-жылдығына байланысты қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қарғалы аудандық мәслихатының төрағасы |
С. Аманжолов |