"Мұғалжар ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы" Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 4 желтоқсандағы № 356 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қатені түзеу

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 17 қыркүйектегі № 349 қаулысы

      Мұғалжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мұғалжар ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы" Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 4 желтоқсандағы № 356 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 149496 болып тіркелген) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Мұғалжар аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Мұғалжар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Мұғалжар ауданының әкімі Д. Ермағанбетов

  Мұғалжар ауданы әкімдігінің
2026 жылғы 17 қыркүйектегі
№ 349 қаулысына қосымша
  Мұғалжар ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 356 қаулысына қосымша

Мұғалжар ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері

      Кондоминиум объектісінің құрамына жатпайтын мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін алынатын төлемақының мөлшерін есептеу кезінде мынадай көрсеткіштер қолданылады:

      А – кондоминиум объектісінің құрамына жатпайтын мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері (айына бір шаршы метр үшін, теңге);

      Ц – тұрғын үйдің жалпы көлемінің бір шаршы метрін салудың (сатып алудың) құны (теңге);

      Т – ғимараттың қызмет көрсету есептік мерзімі, жыл;

      Р – пайдалануға, тұрғын үйдің ағымдағы және күрделі жөнделуіне, сондай-ақ жер учаскесін күтуіне қажетті көлемнің сомасы (айына бір шаршы метр үшін теңге).

      Тұрғын үйдің жалпы көлемінің бір шаршы метрін салудың (сатып алудың) құны (Ц) ғимараттың құрылысына арналған жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес немесе ғимаратты мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша анықталады.

      Ғимараттың қызмет көрсету есептік мерзімі (Т) "Тұрғын және қоғамдық ғимараттарды қайта жаңарту, күрделі және ағымдық жөндеу" ҚР 1.04-26-2004 ҚН құрылыс нормаларына сәйкес анықталады.

      Пайдалануды, тұрғын үйді ағымдағы және күрделі жөндеуді, сондай-ақ жер учаскесін күтуді қамтамасыз ету үшін қажетті көлемнің сомасы (Р) мынадай формула бойынша анықталады:

      Р = Гз/12/Sп;

      мұнда Гз – жергілікті атқарушы органы (мемлекеттік кәсіпорыны) тартқан немесе құрған тұрғын үй-пайдалану қызметінің тұрғын үйді пайдалануға, ағымдағы және күрделі жөндеуге, сондай-ақ жер учаскесінің күтіміне арналған шығынының жылдық сметасы, қажетті көлемінің жылдық сомасы (жылына теңге);

      Sп – тұрғын үй ғимаратындағы тұрғын үйдің жалпы алаңының сомасы (шаршы метр).

      1) алпыс пәтерлі бес қабатты тұрғын үй, орналасқан мекенжайы: Қандыағаш қаласы, "Жастық" мөлтек ауданы, 1 "Б" үй.

      Кондоминиум объектісінің құрамына жатпайтын мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін айына алынатын төлемақы мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:

      А = Ц/Т/12+Р;

      Ц=387 887 137,2 теңге/4370,7 шаршы метр (техникалық төлқұжат бойынша үйдің жалпы көлемі) = 88747,14 теңге тұрғын үйдің жалпы көлемінің бір шаршы метрін салудың құны (теңге);

      Т=100 жыл;

      Р=0 теңге;

      А=88747,14/100/12+0=73,95 теңге айына бір шаршы метрге;

      2) алпыс пәтерлі бес қабатты тұрғын үй, орналасқан мекенжайы: Қандыағаш қаласы, "Достық" мөлтек ауданы, 19 "Б" үй.

      Кондоминиум объектісінің құрамына жатпайтын мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін айына алынатын төлемақы мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:

      А = Ц/Т/12+Р;

      Ц=414 869 156,7 теңге/4370,9 шаршы метр (техникалық төлқұжат бойынша үйдің жалпы көлемі) = 94916,18 теңге тұрғын үйдің жалпы көлемінің бір шаршы метрін салудың құны (теңге);

      Т=100 жыл;

      Р=0 теңге;

      А=94916,18/100/12+0=79,09 теңге айына бір шаршы метрге.

      3) сегіз пәтерлі екі қабатты тұрғын үйлер, орналасқан мекенжайы: Қандыағаш қаласы, "Самал" мөлтек ауданы, 1 квартал, № 114, 115, 116 үй.

      Кондоминиум объектісінің құрамына жатпайтын мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін айына алынатын төлемақы мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:

      А = Ц/Т/12+Р;

      Ц = 173 449 288 теңге/2129,4 шаршы метр (техникалық төлқұжат бойынша үйдің жалпы көлемі) = 81454,5 теңге тұрғын үйдің жалпы көлемінің бір шаршы метрін салудың құны (теңге);

      Т = 100 жыл;

      Р = 0 теңге;

      А = 81454,5/100/12+0=67,87 теңге айына бір шаршы метрге.

      4) сегіз пәтерлі екі қабатты тұрғын үйлер, орналасқан мекенжайы: Қандыағаш қаласы, "Самал" мөлтек ауданы, 2 квартал, № 114, 115, 116 үй.

      Кондоминиум объектісінің құрамына жатпайтын мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін айына алынатын төлемақы мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:

      А = Ц/Т/12+Р;

      Ц= 244 307 352 теңге/2120,7 шаршы метр (техникалық төлқұжат бойынша үйдің жалпы көлемі) = 115201,27 теңге тұрғын үйдің жалпы көлемінің бір шаршы метрін салудың құны (теңге);

      Т=100 жыл;

      Р=0 теңге;

      А=115201,27/100/12+0=96 теңге айына бір шаршы метрге.

      5) қырық сегіз пәтерлі төрт қабатты тұрғын үй, орналасқан мекенжайы: Қандыағаш қаласы, "Жаңақоныс" мөлтек ауданы, № 704 үй.

      Кондоминиум объектісінің құрамына жатпайтын мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін айына алынатын төлемақы мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:

      А = Ц/Т/12+Р;

      Ц= 899 000 000 теңге/4447,8 шаршы метр (техникалық төлқұжат бойынша үйдің жалпы көлемі) = 199 874,1 теңге тұрғын үйдің жалпы көлемінің бір шаршы метрін салудың құны (теңге);

      Т=100 жыл;

      Р=0 теңге;

      А=199 874,1/100/12+0=166,56 теңге айына бір шаршы метрге.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады