Қауымдық сервитутін белгілеу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 25 тамыздағы № 218 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17, 69 және 71-1 баптарына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес, Шалқар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы аумағында орналасқан жалпы алаңы 5112 гектар жер учаскесіне жер пайдаланушылардан алып қоймай "Steppe Service" ("Степ Сервис") жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен қатты пайдалы қазбаларды барлау жұмыстары үшін 2032 жылдың 09 ақпанына дейінгі мерзімге қауымдық сервитуті белгіленсін

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Шалқар ауданының әкімі Ж. Жидеханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады