"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 4)-тармақшасына сәйкес, тиісті аумақтық халқының пікірін ескере отырып, облыстық ономастика комиссиясының 2026 жылғы 26 мамырдағы қорытындысы негізінде, Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Өтенай ауылдық округі, Жастар 3 тұрғын үй алабы бойынша келесі атаулар берілсін:
- №12 атауы жоқ жаңа көше – Тәңірберген Әлімбаев көшесі;
- №16 атауы жоқ жаңа көше – Кәкібай Қожахметұлы көшесі;
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Өтенай ауылдық округі әкімінің орынбасары М.Турабаевқа жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Өтенай ауылдық округінің әкімі | Р.Малтаев |