"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 1-тармағы 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48, 50-баптарына, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 бұйрығына сәйкес, "Алматы облысы Қонаев қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы" Қонаев қаласы әкімінің 2026 жылғы 16 ақпандағы № 2-5 шешімі негізінде Қонаев қаласының әкімі ШЕШТІ:
1. Тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің шатыр жабындарының зақымдануы қолайсыз ауа райы жағдайлары (дауылды екпінді жел) салдарынан туындағаны және Қонаев қаласы әкімінің 2026 жылғы 16 ақпандағы № 2-5 шешімімен жарияланған табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың салдары болып табылатыны белгіленсін.
2. Қолайсыз метеорологиялық құбылыстардан (дауылды екпінді желден, нөсер жаңбыр және атмосфералық жауын-шашыннан) туындаған төтенше жағдайдың салдарын жою және жеке құрамның тиімді қызмет атқаруын, тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және департамент пен ведомствалық бағынысты бөлімшелердің жүйелерінің жедел қызметін күшейту мақсатында Қонаев қаласы төтенше жағдайлар басқармасының № 1 өрт сөндіру бөлімінің және Қонаев қаласындағы "Сейсмологиялық байқаулар мен зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің объектілерінде реновация жүргізу үшін, объектілік ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қала әкімі | А. Бердіханов |