Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, "Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14- бабының 4) тармақшасына сондай-ақ облыстық ономастика комиссиясының 2026 жылғы 26 мамырдағы қорытындысы негізінде, Жансүгіров ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жансүгіров ауылдық округі, Жансүгіров ауылындағы атауы жоқ жаңа көшелерге
- Жидехан Нарышев көшесі;
- Бейсебек Қорғанбаев көшесі;
- Ислампол Жұмабеков көшесі деп аталсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Жетісу облысы Ақсу ауданы Жансүгіров ауылдық округі әкімінің 07.08.2026 № 153 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жансүгіров ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы А.Хайдаровқа жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Жансүгіров ауылдық округінің әкімі | И.Мусабаланов |