Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35- бабына, "Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 5 маусымдағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" № 300-VIII Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сондай-ақ облыстық ономастика комиссиясының 2026 жылғы 26 мамырдағы қорытындысы негізінде, Жансүгіров ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жетісу облысы Ақсу ауданы Жансүгіров ауылдық округі әкімінің 2026 жылғы 08 маусымдағы № 121 шешіміне (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізіміндегі актінің тіркеу нөмірі № 226783 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтағы екінші, үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
-Жидехан Нарышев көшесі;
- Бейсебек Қорғанбаев көшесі;
- Ислампол Жұмабеков көшесі.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жансүгіров ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман О.Болатханұлына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Жансүгіров ауылдық округінің әкімі | И.Мусабаланов |